Саудакент ауылынан стадион салынса…

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай, туып-өскен ауылымыздың еңселі, көрікті, заманауи болғанын қалаймыз.
Мені мазалайтын жағдай – Саудакент ауылында талапқа сай стадионның жоқтығы. Ауызды қу шөппен сүртуге болмайды. Бұл ауылда стадион болған. 500 талдың ортасында керемет жақсы футбол алаңын талай жыл пайдаланды.
Қазір сол жердің сәні де, мәні де кетті. Бір кәсіпкердің меншігінде болғандықтан, көпшіліктің онша шаруасы жоқ. Сол жерді қазір қопарып тастады. Төңірегінде мал жайылып жүр. Мен туған жердің жанашыры ретінде жылда сол аумаққа жүздеген түп тал егемін. Жылда малдың табанының астында қалады. Бұл жерде жетіспей тұрғаны – жанашырлық.
Аудан әкімі Балабек Нарбаев – талай табысты тірліктерді жүзеге асырып отырған іскер азамат. Әрине, бір адам барлығына үлгере бермейді. Жергілікті жердегі жетекшілердің де істің көзін таба білгені жөн. Бұл орайда Саудакент ауылдық округінің әкімі Амантай Назарбековтің жанашырлығы қажет-ақ. Бір үлкен ауылға стадионның қажеттілігі анық. Ертең Қазақстан футбол құрамасының жарқыраған жарық жұлдыздары осы Саудакенттен, сол жерге салынған стадионда балалығын өткізген балғындар арасынан шықпасына кім кепіл?
Сондықтан тез арада Саудакент ауылынан стадион (футбол алаңы) салынса деген тілегімді жеткізгім келеді. Бұл тілекке аудан, ауыл басшылары құлақ асып қолдау білдіреді деген сенімдемін.

Бименде Садуақасов,
кәсіпкер.

Сарысу ауданы.

Comments are closed.

istanbul escort beylikdüzü escort şirinevler escort şirinevler escort şirinevler escort şirinevler escort esenyurt escort esenyurt escort şişli escort şişli escort şirinevler escort istanbul escort istanbul escort avcılar escort avcılar escort şirinevler escort avcılar escort avcılar escort esenyurt escort şirinevler escort şirinevler escort beylikdüzü escort antalya escort antalya escort ankara escort ankara escort