- Advertisement -

Әріптестеріміз марапатқа ие болды

55

- Advertisement -

Тараз қалалық Мәдениет үйінде ұйымдастырылған Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов өңірдің өркендеуіне үлес қосып, елеулі еңбек еткен азаматтарға облыс әкімінің «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін тапсырды. Марапатталғандардың қатарында журналистер де бар. Атап айтсақ, облыс әкімінің бұл наградасына Қазақстанның мәдениет қайраткері Тәкен Молдақынов, ақын Қайырбек Асанов, ардагер-журналист Тұрсынхан Толқынбаев, облыстық «Jambyl» телеарнасы мен радиосының қызметкерлері Ғайни Әлімбекқызы мен Бақытжан Советұлы, «Аq jol» газеті индустрия және инновация бөлімінің редакторы Баймаханбет Ахмет және тағы басқалар ие болды. Біз әріптестерімізді осынау қуаныштарымен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тілейміз.

«Аq jol-Аqparat».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support