- Advertisement -

Вахид Масудов – «Тараздың» бас бапкері

33

- Advertisement -

Премьер-лигаға оралған «Тараз» футбол клубының алдыға қойған мақсаты – келер маусымда жақсы ойын өрнегін көрсетіп, жанкүйерлерді қуанту. Әрине, ойдағыдай нәтижеге қол жеткізіп, премьер-лигадағы орынды сақтап қалу үшін көп жұмыс керек-ақ. Алдымен команданың құрамын күшейткен жөн.
«Тараз» футбол клубындағы алғашқы өзгеріс бас бапкерді тағайындаудан басталды. Клубтың басшысы Қанат Мұсатаев ұжымға жаңа бапкерді таныстырды. Енді «Тараздың» тізгінін белгілі жаттықтырушы Вахид Масудов ұстайды.
Кезінде «Химик» командасының намысын қорғаған Вахид Масудов бір жылдары «Тараз» футбол клубын, «Ақтөбе – ленто» (қазіргі «Ақтөбе»), «Қайрат», «Атырау» секілді көптеген ұжымдарда бапкерлік қызмет атқарған болатын. Енді өзі үшін ескі де жаңа «Тараз» футбол клубына оралып отыр.
– Мен Таразда дүниеге келдім, осы қалада футболдағы мансабымды бастадым. Өмірімдегі жақсы естеліктердің дені Тараз қаласымен байланысты. Команданың премьер-лигада жақсы ойын өрнегін көрсетуі үшін бар күшімді салатын боламын. Басты мақсат – премьер-лигада қалу. Сонымен қатар қарсыластарға табанды қарсылық көрсете алатын ұжым құруымыз керек.Әзірге жергілікті футболшыларға және қазақстандық шеберлерге ден қоямыз. Дәл қазір команда құрамын жасақтау туралы айтуға ерте. Шымкенттегі оқу-жаттығу жиыны енді басталып жатыр. Сондықтан алдымен қазіргі құрамдағы футболшылардың аяқ алысын барлап көруіміз керек, – дейді Вахид Масудов өз ойын ортаға салып.
Таразда жүріп, мансабын бастаған Вахид бапкер «Тараз» футбол клубының жақсы нәтиже көрсетуіне күш салады деп сенеміз. Қазақ «Өзім дегенде өгіздей қара күшім бар» демеуші ме еді…

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support