- Advertisement -

ЛОНДОННАН КЕЛГЕН ҚОНАҚТАР

73

- Advertisement -

Шыңғыс Айтматов оқыған колледжде болды

Құлан ауыл шаруашылығы колледжінде студенттер мен Луговой гарнизонының сарбаздары Лондоннан келген мәртебелі қонақтарды қарсы алды. Жазушы әрі тележүргізуші Джонатан Фрейер шыңғыстану және африкатану мектебінің оқытушысы екен. Ал Рахима Әбдуалиева – Шыңғыс Айтматов академиясының директоры, Қырғыз Республикасына ғана емес, бүкіл Еуропаға танымал ғалым. Ол Германиядағы оқу орындарының бірінде студенттерге дәріс береді. Онымен бірге есімі елге белгілі ғалымдар Гүлмира Мәдиева, Сәуле Бектемірова бірге келді.
Қонақтарды колледж директоры Жұмакүл Бүкірова мен аудан әкімінің орынбасары Манарбек Тілепов қарсы алып, алдымен музейді аралатып, көрсетті. Оқу орнында жақында ғана өткен «Айтматов оқуларынан» меймандарды хабардар еткен соң М.Тілепов Шыңғыс Айтматовқа арналған мемориалдық тақтаның лентасын қиды. Қонақтар студенттердің Шыңғыс шығармашылығына арнаған қолөнер туындыларымен танысты.
Кездесу үлкен залда өтті. Оған Луговой ауылындағы бес гарнизонның сарбаздары, студенттер мен ұстаздар жиналды. Шара барысында «Айтматов оқулары» байқауында жеңімпаз атанған топтар заманымыздың заңғар жазушысының Мұхтар Шахановпен достығынан туған «Құз басындағы аңшының зары», «Ана-Жер-Ана», «Боранды бекет» сияқты шығармаларынан сахналық қойылымдар көрсетіп, монологтер оқыды. Залға жиналған қауым қонақтарға сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды. Кездесуге қатысушыларды әдебиет төңірегіндегі әңгімелер зор әсерге бөледі.

Сейсен ҚОЖЕКЕ.

Т.Рысқұлов ауданы.

Шыңғыс Айтматов оқыған колледжде болды

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support