- Advertisement -

Жасөспірімдер де жемқорлыққа қарсы

43

- Advertisement -

Жас жеткіншектерден болашақты қалай елестететінін сұрап көріңізші… Солардың алғаусыз армандарынан кейбір мәселелердің шешімін табуыңыз да ғажап емес. Сондықтан әлемге жастардың көзқарасымен қараудың сөкеттігі жоқ. «Нұр Отан» партиясының облыстық және Тараз қалалық филиалдарының ұйытқы болуымен өткен мектеп оқушылары арасындағы эссе байқауында ұйымдастырушылар осылайша бала қиялына ерік беріп, шығармашылығын шыңдауды мақсат тұтқаны анық.
Жасөспірімдер өз шығармаларында сыбайлас жемқорлық секілді қоғам дертімен күресудің тың жолдарын ұсынған. «Сыбайлас жемқорлықты қалай жеңеміз?» тақырыбындағы эссе байқауында авторлар өз көзқарастарын білдіріп, ұсыныстарын дәлелді дәйекпен жеткізе білген. Қазақ және орыс тілдерінде жазылған эсселерді партия, қала әкімдігі білім бөлімі қызметкерлері мен мектеп, гимназия мұғалімдерінен құрылған арнайы комиссия іріктеп, жеңімпаздарды анықтады.
Жалпы, орта білім беретін мектеп оқушылары арасында партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасын және жемқорлық іс-әрекеттерінің іс-қимыл әсерін оқушыларға түсіндіру мен ондай теріс әрекеттерге бармау жолдарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған байқауға қала мектептері арасынан іріктелген 9-сыныптың оқушылары қатысты.
Нәтижесінде №46 орта мектептің оқушысы Қазына Шәкенбаева бірінші орынды жеңіп алса, 2,3-орындарды Анастасия Овчинникова (№6 орта мектеп) мен Дулат Абдрахман (№55 орта мектеп) бөлісті. Басқа қатысушылар да ынталандыру сыйлықтарына ие болды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау салтанатында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерқанат Манжуов жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Бұл дәстүрлі байқау былтыр Тараз қаласындағы мектеп, гимназия оқушылары арасында өткен болатын. Келесі жылы аудандардағы мектеп оқушылары арасында ұйымдастыру жоспарлануда.

Нұржан ТУҒАНБАЙ,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support