- Advertisement -

Жас көшбасшылардың жетістігі

108

- Advertisement -

Ел ертеңінен үмітті. Сондағы сенім артары – білімге, өнерге құштар жастары. Тараз қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» белсенді жастарды ынталандыру мақсатында жас патриоттар форумын жыл сайын өткізеді. Биыл жетінші рет ұйымдастырылған шара 1 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне тұспа-тұс келді. Бұл жай сәйкестік емес. Себебі белсенді өмір салтын ұстанып, болашағын бағдарлай білген, тынбай еңбек етіп, алға ұмтылғанның бағындырар белесі де биік болатыны белгілі. Осы тұрғыдан алғанда өскелең ұрпақтың үлгі тұтар тұлғасы – Елбасы екені анық.
Қалалық Мәдениет үйінде өткен «Елбасы – ел тірегі» атты жас патриоттар форумында қала әкімінің орынбасары Кенжебек Олжабай мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі «Қазақстан – 2020: Болашаққа жол» тұжырымдамасы аясында шығармашыл жастардың кәсіби өсуін ынталандыру мақсатында ғылым мен білімді, бұқаралық спорт пен кәсіпкерлікті дамытуға елеулі үлес қосқан жастарды дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Атап айтсақ, «Жас кәсіпкер» аталымы бойынша акрилді бояулар өндірісімен айналысатын жас кәсіпкер Құндызай Сәтбекова марапатталса, жоғарғы спорт шеберлігі мектебінің велоспорт бөлімінің спортшысы Дінмұхаммед Ұлысбаев жылдың «Жас спортшысы» атанды. Ал №16 орта мектептің оқушысы Шыңғыс Жақсыбаев «Жастар көшбасшысы» деп танылды. «Жас сарбаз» – Тараз қаласы ішкі істер басқармасының 1-полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Бауыржан Омаров та, «Жас ғалым» – М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің халықаралық құқық мамандығының 4-курс студенті Нұрай Кемелбекова да, «Жігерлі жас» – Севара Нурматова да, «Белсенді жас» – Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің 4-курс студенті Нұрсұлтан Сламбеков те марапатсыз қалған жоқ.
Бірқатар сала өкілдерінің басын қосқан форумда қала көркемөнерпаздары өнер көрсетті.

 

Альмира ОМАРОВА

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support