- Advertisement -

Жеңімпаздар тарихи нысандарды аралады

74

- Advertisement -

Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуы керек. Бұл – Мемлекет басшысының тапсырмасы. Елбасы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру қажеттігін ескертіп, келер жылды Жастар жылы деп жариялағаны мәлім. Сондай-ақ Президент мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейтіп, мектеп туризмін қайта жаңғыртуды тапсырды. Ондағы мақсат – өскелең ұрпақтың бойына патриотизмді сіңіріп, мемлекетшіл тұлғаны тәрбиелеу екені анық.
Жалпы тәрбие алдыңғы толқынның көрсеткен тәлімінен басталатыны белгілі. Жас жеткіншектерге рухани құндылықтардың мәнін ұғындырмайынша, тәлім мен тәрбиенің нәтиже бермейтіні тағы бар. Осыны ескерген облыстық білім басқармасы оқушылар арасында «Oqy, tap» облыстық онлайн байқауын ұйымдастырып, жаңа бастаманы қолға алды.
Байқауға тіркелген 1560 қатысушының 546-сы І кезеңге өтсе, ІІ кезеңге соның 228-і жолдама алды. Ал ІІІ кезеңде 193 қатысушы бақ сынап, 14 оқушы жүлделі орындарға ие болды.
Облыстық онлайн байқаудың шарттарына сәйкес бірінші кезеңде қатысушылар көркем шығарманың авторын, үзіндінің қай тараудан алынғанын көрсетсе, байқаудың екінші кезеңінде көркем шығарма бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, соңғы кезеңде оқушылар көркем шығарма негізінде эссе жазды.
Барлық жеңімпаздар облыстық білім басқармасының дипломдарымен, Алғыс хаттарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар онлайн байқауға белсенді қатысқан Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясының және Меркі ауданындағы №14 М.Жылысбаев атындағы орта мектебінің директорларына Алғыс хаттар табысталды. Жүлдегерлер мен қатысушыларға «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығына экскурсия жасауға мүмкіндік берілгенін айта кеткен жөн.
Онлайн байқауға жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 12-17 жас аралығындағы білім алушылары қатысты.

Әйгерім Иембердиева,
облыстық білім басқармасының Білім берудің бірыңғай ақпараттық жүйесі орталығының баспасөз хатшысы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support