- Advertisement -

Көп тілді үйренгеннің көкжиегі кең

75

- Advertisement -

Біз өте күрделі, өзгермелі әлемде өмір сүріп жатырмыз. Еліміз экономиканың барлық салаларын инновациялық технологиялармен қамтамасыз етуге кіріскен кезеңде оқыту үдерісін жаңғыртудың қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан Мемлекет басшысы білім беру бағдарламаларын әлемдік стандарттарға бейімдеп, өзгертуді тапсырды. Жаңартылған білім беру мазмұнын кезең-кезеңімен қолданысқа енгізудің мәні осында.

Жаңартылған мазмұн дегеніміз – халықаралық талаптарға сай келетін және Назарбаев зияткерлік мектептерінде бейімдеуден өткен заманауи оқу үрдісі. Ол балалардың функционалдық сауаттылығын көтеріп, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады.
Облыстық Айша бибі атындағы дарынды қыздарға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернаты бүгінде өңірдегі басқа да білім мекемелері секілді жаңартылған білім беру мазмұнын кезең-кезеңімен енгізуде. Жаңа әдістемемен жұмыс жүргізуде бірқатар жетістіктерге де жетіп үлгерді. Былтырғы оқу жылында интернатқа қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы (KazFUCA) «ЮНЕСКО клубы» мәртебесінің берілуі – соның айғағы. Бұл атақ біздің оқушыларымыз бен бітірушілерге бүкіл Азия және Тынық мұхиты аумағында мәдени, шығармашылық, адами құндылықтарды дәріптей отырып, білім беру саласындағы артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Мектеп-интернат оқушыларына Елбасы баса назар аударып отырған «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында орта білім алғанын растайтын аттестатпен бірге, жаһандық экономика және интернетті пайдалану технологиясы шеңберінде электронды білім беретін кешенді жүйе – CISCO академиясының сертификаты тапсырылады. Бізде PBL жобасы арқылы білім беру ісі де жүзеге асуда.
Білім ошағында «Робототехника» үйірмесі жұмыс істейді. Мұнда қатысушының техникалық конструкциялау қабілетін дамыта отырып, физика, математика пәндерінде алған білімін тәжірибеде қолдануға мүмкіндік береді. Соның арқасында оқушының техникалық ғылымға деген қызығушылығын арттырады және болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал етеді.
20 жылдық іс-тәжірибесінде Елбасымыздың: «Қазақстанның болашағы – қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруінде» деген талабын мүлтіксіз орындап отырған мектеп-интернат көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Төрт тілді еркін меңгерген оқушыларымыз түрлі дәрежедегі халықаралық, республикалық сайыстарда топ жарып, жүлдегер атанып жүр. Үш тұғырлы тіл идеясы тәжірибе жүзінде нағыз азаматтық қоғам негіздерін қалауда. Үш тілде білім беруде жаратылыстану бағытына артықшылық берудің де маңызы зор.

Л. ӘЛІМБАЕВА,
Айша бибі атындағы дарынды қыздарға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» мектеп-интернатының жоғары санатты мұғалімі.

Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support