- Advertisement -

Руслан Жапаровтың командасы үздік үштіктен көрінді

50

- Advertisement -

Біріккен Араб Әмірліктерінің Әл-Фуджейра қаласында таэквондодан командалық әлем чемпионаты өтті. Аталмыш жарысқа әлемнің мықты командалары қатысып, жүлделі орындарды сарапқа салды. Бұл аламанда қазақ жігіттері барын салып бақты. Әйткенмен алтын жүлдені жеңіп алудың сәті түспеді. Дегенмен жампоздар жүлделі орыннан көріну үшін жан аяған жоқ. Соңғы сәтке дейін күштерін сарқа жұмсады. Алғашқы кездесулерде жасындай жарқыраған ұлттық құрама жігіттері жартылай финалда дода жеңімпаздары Иран құрамасына есе жіберді.
Бұл жарысқа ұлттық құрамамен бірге жамбылдық таэквондошы Руслан Жапаров та аттанған болатын. Ол 80 килограммнан жоғары салмақ дәрежесінде бақ сынағанын айта кеткен жөн. Жалпы алғанда командалық әлем чемпионатында Руслан Жапаровтың командаластарына үшінші орын бұйырды.
Командалық әлем чемпиона­тында бақ сынаған жерлесіміз бұған дейін Рио-де-Жанейро Олимпиадасына қатысқан-ды. Сондай-ақ ол Индонезияда өткен Азия ойындарында қола жүлдегер атанған болатын. Түрлі деңгейдегі жарыстарда жақсы нәтижелер көрсетіп жүрген Русланның болашағы зор екені сөзсіз.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support