- Advertisement -

Онлайн несиелеудің тәуекелдері

78

- Advertisement -

Дамыған технологиялар ғасырында қаржы институттары жаңа клиенттерді тарту үшін көп мүмкіндіктер ұсынады. Бүгін әрбір азамат үшін несиені онлайн алу қолжетімді болды. Кез-келген адам интернетте қолайлы ұсынысты таңдап, құжаттар толтырып, өтінішін жібереді. Өтінішке жауап жарты сағаттан кейін, не одан да аз уақытта келуі мүмкін. Бұл қарыздар пайыздық мөлшерлеме, айыппұлдар мен өсімпұлдар мөлшері бойынша шектелмеген.

Қарыз шартына қол қою онлайн компанияның интернет-сайтында белгілі бір сілтемелерді басу арқылы жүзеге асырылады және ақша электронды әмиянға не болмаса қарыз алушының пластикалық картасына аударылады.

Онлайн несие қарыз алушыға банктен алынған қарапайым несие сияқты дәл сондай міндеттерді жүктейді. Ақшаны шартта келіскен мерзімде қайтару қажет.

Алайда егер банктік несие және микроқаржы ұйымдарымен берілетін несиелер бойынша тиімді сыйақы мөлшерлемесі жылдық 56%-дан аспайтын болса, онлайн несиелер халыққа күнделікті 2,5-3% мөлшерінде беріледі және жылдық мәнде осындай мөлшерлемелер 700-900%-ға дейін жетеді, бұл табысы тұрақсыз азаматтар үшін нақты қауіп төндіреді. Онлайн несие алған және оны өтеуде елеулі проблемалары бар қарыз алушылар ешқандай заңмен қорғалмайтынын түсінгені жөн.

Сонымен қатар елеулі тәуекелдердің бірі қарыз алушылардың дербес деректерін ұсынумен байланысты тәуекел болып табылады, өйткені оларды кейіннен алаяқтар пайдалануы мүмкін. Яғни, қарыз алушыға қарыз беруден бас тартып, тек шот нөмірін өзгертіп толтырылған сауалнаманы басқа онлайн-компанияға бағыттауы мүмкін. Ал өзінің қарыз алудағы сәтсіз әрекетін ұмытып та кеткен қарыз алушы борышкер болып шыға келеді.

Бүгінгі күні Ұлттық Банк тарапынан онлайн компанияның қызметі бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу бойынша сұрақтар қарастырылуда. Атап айтқанда, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін 100% деңгейінде, ал артық төлемді қарыз мөлшерінде шектеуді ұсынып отыр. Яғни, егер клиент 10 мың теңге несие алатын болса, онда қайтаруға тиіс максималды сома 20 мың теңгені құрайды. Түзетулер қабылданған жағдайда қарыз бойынша төлемді уақтылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбы әрбір кешіктірілген күн үшін төленбеген соманың 0,5%-ынан аспауы тиіс, бірақ бір жыл үшін барлық несие сомасының 10%-ынан аспауы керек.

 

Динара Дауылбаева,

ҚР Ұлттық Банкі Жамбыл

филиалының бас маманы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support