- Advertisement -

Назар аударыңыз: байқау!

66

- Advertisement -

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Жамбыл облысының әкімдігі облыстың қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық тыныс-тіршілігі бойынша үздік материалдар жариялау бойынша журналистер мен блогерлер арасында шығармашылық байқауын жариялайды.
Байқаудың мақсаты – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың кезекті халыққа Жолдауының негізгі қағидалары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында жүргізілетін реформаларға ақпараттық қолдау көрсетуді арттыру.
Аталған байқауға ұсынылған үміткерлерді іріктеп, қатысушылардың арасынан жеңімпаздарды арнайы комиссия анықтайтын болады.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
– «Үздік журналистік материал»
– «Үздік талдамалық мақала»
– «Үздік теледидарлық сюжет»
– «Үздік фотосурет»
Сондай-ақ ынталандыру номинациясы да бар.
Байқауға қатысу үшін 2018 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында басылымда жарияланған, теледидарда және радиода орналастырылған, сайтта, әлеуметтік желіде жарияланған материалдарға рұқсат етіледі:
1) Басып шығарылған материал – көлемі кемінде 400 шаршы метрден кем емес газет пен журналдардың түпнұсқалары түрінде; (A4 форматындағы материалдың көлемі: кемінде 2 парақтан кем емес, 14 шрифінде);
2) Ақпараттық агенттіктер, әлеуметтік желілерде – материалдарды шығару (тарату) күнін көрсете отырып, фотосуреттермен (Print Screen) қағаз және электрондық нұсқада;
3) Видеосюжет – сандық мультимедиа CD, AVI, MPEG4 DVD форматында, қайтару мекен-жайын және автор туралы ақпаратты көрсетеді. Эфирлік анықтама немесе редакцияның мұқабасы болуы міндетті;
4) Радиоэфир – цифрлы CD-лерге, DVD форматтағы нұсқасы, қайтару мекен-жайын және автор (лар) туралы ақпаратты (уақыты 45 секундтан кем емес);
5) фотосуреттер – 18х24 см өлшеміндегі ақ-қара, түрлі-түсті суреттер түрінде, оларды жарияланған газеттің санын және күнін көрсете отырып;
6) Байқауға ұсынылатын материалдардың саны 5-тен артық болмауы тиіс.
Байқауға құжаттар 2018 жылдың 30 қарашасына дейін облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасына мына мекен-жай бойынша қабылданады. Пошталық индексі: 080000, Тараз қаласы, «Достық» алаңы, 1. Сұрақтар бойынша телефондар: 45-55-73, 43-71-72,
e-mail baq-2016@mail.ru
Конкурстың қорытындылары облыс әкімдігінің мәжілісі хаттамасында рәсімделіп ағымдағы жылдың желтоқсан айының ішінде жарияланады.
Номинация бойынша жеңімпаздар дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Байқау туралы ақпарат Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ресми сайтында (uvp-zhambyl.kz), сондай-ақ облыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support