- Advertisement -

Жастар арасында жемқорлыққа қарсы «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда

60

- Advertisement -

Жастар арасында жемқорлыққа қарсы «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Ақмола облысында жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру бағытында «Sanaly urpaq» жобасы жүзеге асырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа тетігі болып табылады. Кеңсе жұмысының негізгі ерекшелігі — жобалық тәсілді қолдану. Бұл тәсіл білім саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты ғылыми-жүйелі және ұзақ мерзімді негізге қоюға мүмкіндік берді. Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты — білім беру саласындағы жемқорлықты жою және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбейтін ортаны қалыптастыру.

Қазіргі таңда Ақмола облысының барлық жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында «Sanaly urpaq» клубтары жұмыс істейді. Осыған орай, Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Райхан Братаева, ЖОО мен ТжКБ ұйымдарының әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректорлары мен орынбасарлары, студенттердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуде Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-дың 4 курс студенті Амангелді Бекнұр, Көкшетау қаласындағы Жоғары мектебінің 2 курс студенті Серік Әндіров және Көкшетау техникалық институтының 4 курс студенті Серік Әділет сияқты «Sanaly urpaq» клубтарының жетекшілерінің есептері таңдалды.

«Баршамыз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде ашық және шынайы диалогқа дайын болуымыз және еліміздің рухы биік парасатты азаматтарын тәрбиелеуде белсенді әрекеттестік орнату керек»,- деді Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары.

Шараға қатысушылар Ақмола облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және академиялық адалдықты қалыптастыру бойынша жұмысты одан әрі жандандыра түсетіндеріктерін атап өтті.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support