- Advertisement -

Дархан Асаділовке қола жүлде бұйырды

61

- Advertisement -

Каратэден Испания астанасы Мадридте өткен әлем чемпионаты ұлттық құрама үшін табысты аяқталды деуге негіз бар. Жарыстың соңғы күндерінің бірінде қоржынымызға қола медаль түсті.
Жалпы Қазақстан сайыпқырандары екі салмақта жүлде алатын мүмкіндікке ие болған еді. Алайда 84 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Данияр Юлдашев ирандық спортшыға есе жіберіп, жеңілістің ащы дәмін татты. Әлбетте, әлем чемпионы деген атағы бар ирандық спортшы өзінің шын мықты екенін танытып, осыдан біршама уақыт бұрын кеткен есесін қайтарды.
Әйткенмен әлем чемпионатында Дархан Асаділов жасындай жарқырады. Латвиялық спортшымен кездесуге шыққан отандасымыз жеңіске деген зор құштарлықтың арқасында қола медаль иегері атанды. Сәт сайын ұпай санымен ұтылып келе жатқан Дархан арада аз ғана уақыт өткенде есепті теңестірумен болды. «Дархан қашан басымдыққа ие болар екен?» деген сауал көкейде атой салып тұрғаны да рас. Соңғы секундтарда өзінің шын шебер екенін әйгілеген қазақстандық спортшы 5:4 есебімен алға шығып, жеңісін нығырлай түсті.
Испания астанасы Мадридте өткен әлем чемпионатында үздік үштіктен көрінген Дархан Асаділов жетістігіне тоқмейілсімей, алдағы уақытта бұл нәтижені үстемелеп, әлем чемпионы атануды көздейтіні анық.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support