Иманғали Тасмағамбетов романс орындады: Желіде видео тарады

Қазнетте Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетовтің Александр Малининнің «Напрасные слова» әнін орындап жатқаны түсірілген ролик таралып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Иманғали Тасмағамбетов бұл әнді қазақстандық белгілі композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджановтың 70-жылдық мерейтойында орындаған. Видеода композитордың да бірге ән айтқаны түсірілген.

Повторить

Мерейтой Қазақстанда атап өтілген. Айта кетейік, Төлеген Мұхамеджанов 27 шілдеде дүниеге келген. Бұл видео шамамен туған күннен кейін 4 айдан соң жарияланып отыр.

Видео қазіргі уақытта Қазнетте кеңінен таралып жатыр. Желі қолданушылары Иманғали Тасмағамбетовтің даусына тәнті болып жатыр.

 

tengrinews.kz

Comments are closed.

микро займ на карту