Қандастарымызды қолдауға арналған жарыс өтті

31

Астанада «Қасиетті Қазақ елі» халықаралық өнер фестивалі өтті

Бейбітшілік және келісім сарайында шетелде тұратын отандастарымыздың қатысуымен «Қасиетті Қазақ Елі» халықаралық өнер фестивалі өтті. Оған еліміздің әр өңірінен келген үміткерлерден бөлек, Германия, Франция, Қытай, Ресей, Моңғолия, Түркия сияқты алыс-жақын шетелдерден 50-ден астам қандастарымыз қатысты.

Фестивалдің мақсаты – отандастарымыздың шығармашылық және білім әлеуетін арттыру, оларға қатысты маңызды мәселелерді талқылау, туған тіл мен мәдени құндылықтарды игеруі тұрғысынан қазақ диаспорасына әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету, талантты орындаушыларды анықтау болып табылады. Шара аясында мүшайра, терме және халықтық қолданбалы өнер аталымдары бойынша сайыстар ұйымдастырылды.

Фестивальдің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев, «Отандастар қоры» КЕҰ Президенті Нұртай Әбіқаев, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысты. Қатысушылар алдында Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев құттықтау сөз сөйлеп, «Қасиетті Қазақ Елі» халықаралық өнер фестивалі Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылып отырғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта әлемнің 43 мемлекетінде 5 милионнан астам қандасымыз тұрады. Олардың басым бөлігі Қазақстанмен шекаралас елдерде өмір сүреді: Өзбекстан (900 мың адам), Қытай (1,5 млн адам), Ресей (800 мың адам), Түркменстан (65 мың адам), Моңғолия (142 мың адам) және Қырғызстан (33 мың адам).

 

 

Международный фестиваль искусств «Қасиетті Қазақ Елі» проведен в Астане

7 ноября 2018 года во Дворце мира и согласия состоялся Международный фестиваль искусств «Қасиетті Қазақ Елі» с участием соотечественников, проживающих за рубежом.

В фестивале помимо казахстанцев со всех регионов страны, приняли участие более 50 наших соотечественников из ближних и дальних стран зарубежья, таких как Германия, Франция, Китай, Россия, Монголия, Турция.

Цель фестиваля – повышение творческого и образовательного потенциала соотечественников, обсуждение важных вопросов оказания методической и организационной поддержки казахской диаспоре в изучении родного языка и культурных ценностей, выявление и поддержка талантливых исполнителей.

В рамках фестиваля был организован конкурс по трем номинациям: мушайра, терме и  народно-прикладное искусство.

В церемонии награждения победителей фестиваля приняли участие министр общественного развития РК Дархан Калетаев, Президент НАО «Отандастар қоры» Нуртай Абыкаев, заместитель акима города Астаны Ермек Аманшаев.

Участников мероприятия поприветствовал министр общественного развития РК Дархан Калетаев, который в своем выступлении отметил, что фестиваль организован в рамках реализации програмнной статьи Главы государства Н.А. Назарбаева «Взгляд в будущее: модернизация общественного сознания».

Отметим, что в 43 странах мира сейчас проживает более 5 млн. этнических казахов, большинство из которых живут в приграничных с Казахстаном странах: Узбекистан (900 тыс. чел.), Китай (1,5 млн. чел.), Россия (800 тыс. чел.), Туркменистан (65 тыс. чел.), Монголия (142 тыс. чел.) и Кыргызстан (33 тыс. чел.).

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту