- Advertisement -

Журналист болу оңай емес

221

- Advertisement -

Қазіргі жағдайда бұқаралық ақпарат құралдары қандай критерийлерге жауап беруі тиіс, материалдарды баспаға, сайтқа немесе эфирге дайындау кезінде нені болдырмау керек, жас журналистер өз ісі үшін жауапкершілікті сезіне ме?
Облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы жергілікті БАҚ редакторлары мен тілшілері, сондай-ақ мемлекеттік органдардың баспасөз хатшылары үшін ұйымдастырған семинарда осы және басқа да мәселелер талқыланды. Онда Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ардагер-журналист Мақұлбек Рысдәулет журналистің қоғамдағы рөлі туралы ойымен бөлісті.
– Шынайылық – әрбір адам басшылыққа алуы тиіс басты критерий. Егер қандай да бір мәселе туралы жазсаңыз, барлық тараптың пікірін тыңдау маңызды. Журналист әрбір сөзінің жауапкершілігін де ұмытпағаны абзал, – деді ол.
Семинар-тренингке қатысқан әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің аға оқытушысы Асылхан Әбдірайым фотожурналистика теориясы мен практикасы саласындағы білімдерімен бөлісті. БАҚ-тағы жақсы фотосурет адамның сана-сезіміне, оның жан-күйіне әсер етеді деп санайды спикер. Ол өз сөзінде Роберт Капа (Венгрия), Сей Хайлун (Қытай), Марк Руби (Франция) сияқты танымал шетелдік фотожурналистердің жұмыс тәжірибесі туралы әңгімеледі.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің басшысы Толқын Өмірбаева БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау тәжірибесімен бөлісті.
Басқосуда өңірлік БАҚ контент-талдауының қорытындысы шығарылды. Мониторинг бес критерий бойынша жүзеге асырылды. Олар – материалдардың өзектілігі, дереккөздердің дұрыстығы, орфография мен стилистика ережелерін сақтау, талдаушылардың болуы немесе болмауы, сондай-ақ саяси мазмұны мемлекеттік саясатқа сәйкес келмейтін материалдарды анықтау. Қазақ тілді БАҚ бойынша ардагер-журналист Сапарғали Әлібай баяндама жасады. Ал журналист Көкен Оршабеков орыс тілді БАҚ-қа мониторинг қорытындысы туралы айтты.
Семинарда облыстың жетекші газеттерінің бас редакторлары Көсемәлі Сәттібайұлы, Бекет Момынқұл және Дәулет Төленді сөз сөйледі.
Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Берік Бегалиев осындай семинарларды өткізу алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

Төкен ЕРКІНОВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support