- Advertisement -

Жұрт жәнібектен үміт күтеді

67

- Advertisement -

Кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы қазіргі кезде орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жатқаны баршаға мәлім. Дегенмен чемпиондық атақ сарапқа салынбайтын кездесулерде боксшылардың салмағы тиісті лимиттен шамалы артық болуына рұқсат етілген. Содан да болса керек, boxrec.com сайты Жәнібек Әлімханұлын екінші орта салмақтың боксшысы ретінде тіркеп қойыпты.
Қазақстандық боксшы шаршы алаңдағы төртінші, Америка төріндегі екінші кездесуін өткізгені белгілі. Кезекті жекпе-жекте рейтингте өзінен жоғары тұрған америкалық Вон Александрды сегіз раундтық шайқаста төрешілердің екіұдай шешімімен жеңгені баршаға мәлім.
Шаршы алаңда мықты қарсыластармен кездесіп, жедел түрде рейтингін көтеруді мақсат тұтқан отандасымыздың аяқ алысы көңілге қуаныш сезімін ұялатады. Вон Александрды жеңген соң Жәнібек Әлімханұлы өз салмағында 54 саты жоғары көтерілді. Қазіргі кезде ол 109-орында тұр. Алдағы уақытта да рейтингі жоғары қарсыластармен жұдырықтасып, жеңіске жете беретін болса, үздік жиырмалықтың қатарына қосылатыны сөзсіз. Төртінші жекпе-жектегі жеңісінен кейін қазақстандық боксшы болашақта шеберлігі Воннан да жоғары былғары қолғап шеберлеріне қарсы шаршы алаңға шығатынын тілге тиек еткен болатын.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support