- Advertisement -

Головкинге WBC міндеттеген қарсылас батыл мәлімдеме жасады

82

- Advertisement -

Орта салмақта WBC regular чемпионы Джермалл Чарло (27-0, 21 КО) өзін көрсе болғаны орта дивизион жұлдыздары шақырым жерден тығыла бастайтынын айтады, — деп жазады Vesti.kz vRINGe.com басылымына сілтеме жасап.

«Жас болғандықтан дивизионда менен қашатындар көп. Асау әрі «ашпын». Бәрі басып келе жатқан пойызды көріп, жолдан қашады. Бізді ешкім тоқтата алмайды. Қашпаса барлық ірі жекпе-жек ұйымдастырылған болар еді. Мақсатым — белбеуі бар кез келген чемпионға шабуыл жасап, белбеулерді жинап, дивизионда басым болу», — деп келтіреді америкалық 28 жастағы чемпионның сөзін BoxingScene.

Айта кетейік, 22 желтоқсанда Джермалл отандасы кіші Вилли Монромен (23-3, 6 КО) жұдырықтасады. Чарло өзінің жеңісіне сенімді көрінеді.

«Тап қазір Дэниел Джейкобспен (орта салмақта IBF чемпионы) жұдырықтасқым келеді. Алдымен Монроны жіліктеп алайын, сосын Джейкобсты ойластырармыз», — деп өзін түзеп қойды Чарло.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support