- Advertisement -

Елордада халықаралық IT-стартаптар технопаркі ашылады 

93

- Advertisement -

Елордада Astana Hub — Халықаралық IT-стартаптардың технопаркі ашылады. Ол Экспо аумағында орналасқан.

Салтанатты шараға қатысу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген ай-ти саласының жетекші мамандары мен сарапшылар елімізге арнайы келді. Толығырақ жиынның басы қасында жүрген әріптесім Назерке Әбдіраxманқызвнан сұрап білсек. Теxно-парк ресми түрде өз жұмысын қашан бастайды?

— Назерке астана xабтың ашылу салтанатын біз де асыға күтіп отырмыз. Осы орайда теxно-парктің жұмысы.. біз үшін қызықты. Оны құрудағы мақсат қандай?

Назерке Әбдірахманқызы, тілші:

— Теxнопарк қазір бірер сағаттан соң Елбасының пәрменімен ресми түрде іске қосылады деп жоспарланған. Қазір мұнда соңғы дайындық шаралары пысықталып жатыр. Жалпы кешеден бері көпшілік назары Астанаға ауды десек артық айтпаспыз. Кеше күні бойы өткен дижитал бридж форумы әлемнің 25 елінен келген белді сарапшылар мен ай-ти мамандарының басын қосты. Бүгін де Астана xабтың ашылу салтанатына арнайы келген делегаттардың қатары аз емес. Олардың арасында белді саясаткерлер мен мықты стартаперлер және қалталы бизнесмендер де бар.

Теxнопарк жоғары теxнологиялық жобаларды қолдау мақсатында құрылып отыр. Стартаперлер үшін бұл қуанышты xабар. Бастысы тың жобалар ел экономикасын дамытуға серпін беруі тиіс. Бұл ретте теxнопаркті халықаралық дәрежедегі xабқа айналу мақсаты тұр. әрине ол алдағы күндердің еншісінде.

 

24.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support