- Advertisement -

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы бақылауда

88

- Advertisement -

Нұржан ТІЛЕПОВ,
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі, Байзақ аудандық мәслихатының хатшысы.

«Нұр Отан» партиясының «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуын мақсат түтқан бірқатар мемлекеттік бағдарламалар біздің өңірімізде де іске асырылып жатыр. Елбасы-Партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұр Отан» партиясы мемлекеттік бағдарламалардың сапалы, уақтылы және нәтижелі орындалуына партиялық бақылау орнату керек» деген тапсырмасы партия облыстық филиалының назарынан тыс қалған емес.«Нұр Отан» партиясы Жарғысының 11.9 тармағына сәйкес, өңірде 1 облыстық, 1 қалалық, 10 аудандық Партиялық бақылау комиссиялары құрылып, жұмыс істеуде.
Жалпы жыл басынан бері 3 облыстық, 14 аумақтық партия филиалдарында Партиялық бақылау комиссияларының отырыстары өтті. Есептік кезеңде партия облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысында төмендегідей мәселелер қаралды.
Ағымдағы жылдың 13 наурызы күні өткен отырыста «Нұр Отан» партиясы Талас аудандық филиалында партия Жарғысы мен партия мүшесі Этика кодексінің талаптарын сақтау және ішкіпартиялық тәртіпті нығайту жұмыстарының орындалу барысы туралы» мәселе бойынша Талас аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Д.Әлиевтың және «Нұр Отан» партиясы саяси Доктринасының талаптарын іске асыру мақсатында 2017 жылдың қорытындысы және 2018 жылдың қаңтар-ақпан айлары бойынша жергілікті тұрғындардан түскен өтініштерді қарау барысы туралы» партия Байзақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ш.Байтақованың есептері тыңдалды.
Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы Мойынқұм аудандық филиалының 2017 жыл мен 2018 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша «Ішкі-партиялық тәртіпті нығайту, мүшелік жарналарды уақтылы төлеу мен партия мүшелері арасында жемқорлыққа қарсы төзімсіздік қасиетті қалыптастыру бойынша атқарылған жұмыстар туралы» партия алдында Мойынқұм аудандық филиалының төрағасы және «Нұр Отан» партиясының Сарысу аудандық мәслихатындағы депутаттық фракциясының 2017 жыл мен 2018 жылдың І тоқсаны қорытындысы бойынша атқарған жұмыстары туралы, партияның аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының жетекшісі Қ.Әукенов есеп берді.
Сонымен қатар мемлекеттік бағдарлама аясында Тараз қаласы бойынша жылу желілерін қайта жаңғырту үшін 3 жоба құрылысына бөлінген қаражаттың тиімді және құрылыс нысандарының кестеге сәйкес жүргізілуі қатаң бақылауға алынды. Комиссия тарапынан берілген ұсыныстар толығымен орындалуда. Мысалы, 2016 жылы Тараз қаласында «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүргізілген құрылыс нысандары бойынша жіберілген кемшіліктерді қайта қалпына келтіру бойынша (Б.Момышұлы және Шестакович) көшелері қиылысындағы жол жабындылары (асфальт) қайта қалпына келтірілді.
Бірыңғай күн тәртібімен партияның қалалық және аудақтық Партиялық бақылау комиссиясының отырыстарында 2018-2019 жаңа оқу жылына білім мекемелерінің дайындығы туралы білім бөлімінің басшыларының есептері тыңдалды. Сонымен қатар өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және Елбасы ұсынған бес институционалдық реформасы мен «100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының жүзеге асырылуы, мемлекеттік Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы, мемлекетік қызмет көрсетудің барысы туралы «Халыққа қызмет көрсету орталықтары», «Өңірлерді дамыту – 2020» және Ұлттық қордан бөлінген қаражаттың тиімді игерілуін бақылау жөнінде мемлекеттік «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Алтын асық», «Сыбаға», «Құлан», «7-20-25» және түрлі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысы жөнінде жауапты басшылардың есептері тыңдалды.
Мысалы, Меркі ауданының тұрғыны жалғыз басты ана М.Калмаханбетова тұрғын үйінің құжаттарын рәсімдеу мәселесі бойынша аудандағы Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Б.Иманбетовке өтінішін білдірген болатын. Нәтижесінде өтініш иесінің құжаттары толығымен рәсімделді.
Партия аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі Б.Хасанбаевтың жеке қабылдауында болған 6 азаматшаға жалпы сомасы 100 000 теңге өтініш иелерінің балаларына жаңа оқу жылына оқу құрал-жабдықтары мен мектеп формалары алып берілді.
Сонымен қатар Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылының тұрғыны О.Несіпбекова жауын-шашын жауғанда көшесін су басып кететінін айтып тас төсеп беру жөнінде өтінген болатын. Аталған азаматшаның өтінішін комиссия төрағасы назарға алып көшеге тас төсеп беруге ықпал етті.
Алдағы уақытта да партияның облыстық, қалалық және аудандық филиалдарының Партиялық бақылау комиссиялары өз жұмысын жоспарлы түрде жүргізе беретін болады.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support