- Advertisement -

Ауыр атлеттердің жолы жеңіл болмай тұр

100

- Advertisement -

Түрікменстан астанасы Ашхабадта ауыр атлетикадан әлем чемпионаты өтуде. Байрақты бәсекеде қазақстандық зілтеміршілер де бақ сынап жатыр. Бұрын-соңды әлем чемпионаттарында жасындай жарқырап жүрген жампоздарымыздың нәтижесі әзірге көңіл көншітпей тұр.
Жаһандық аламанда әзірге қоржынымызға бір күміс медаль түсті. 55 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түскен Арли Чонтей қоссайыс қорытындысы бойынша 258 килограмм салмақты еңсеріп, күміс жүлдегер атанды.
55 килограмм салмақ дәрежесінде бақ сынаған Зүлфия Чиншанло медальдан тыс қалды. Жұлқа және серпе көтеру сындарынан кейін 213 келілік нәтиже көрсеткен ол бар болғаны бесінші орынға табан тіреді. 59 килограмм салмақ дәрежесіндегі қаракөзіміз Сәуле Сәдуақасоваға да жүлде бұйырмады. Сәуле бар болғаны он бірінші нәтиже көрсетті. Жанкүйерлер зор сенім артқан Олимпиада ойындарының чемпионы Нижат Рахимов үздіктер қатарынан көріне алған жоқ. 73 килограмм салмақ дәрежесінде топқа түскен Нижат сегізінші орынды қанағат тұтты.
Әлем чемпионаты жалғасуда. Біз қалған ауыр атлеттеріміздің жолы жеңіл болып, жанкүйерлерді қуантса дейміз.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support