- Advertisement -

Электронды түрде көрсетілетін мемлекет тік қызмет тердің артықшылықтары

121

- Advertisement -

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Жамбыл филиалы баламасыз, яғни тек электронды түрде 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
1. Уәкілетті ұйымдарға қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру бойынша қызметті жүзеге асыруға лицензия беру.
2. Микроқаржылық ұйымдарды есептік тіркеу.
Мемлекеттік қызметті электрондық түрде алудың тиімділігі:
а) мемлекеттік қызметті алумен байланысты ақпаратты алудың қолжетімдігі;
б) мемлекеттік қызмет алу рәсімін оңайлату;
в) мемлекеттік қызметті алумен байланысты уақытша шығындарды кеміту;
г) азаматтың өтініші бойынша жұмыстың әр кезеңінде оның хабардарлығы;
д) мемлекеттік қызметті көрсету туралы өтінішті үй немесе жұмыс компьютерінен беру мүмкіндігі;
е) электрондық құжат айналым жүйесін енгізу салдарынан бюрократтық сымдарды жою.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу үшін «Электрондық үкімет» (www.egov.kz.) веб-порталына тіркеліп, «Е-лицензиялау» (www.elicense.kz) бөліміне өту қажет. Мемлекеттік қызметтерді алудың маңызды шарты, қызмет алушының қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) бар болуы.
Электрондық мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесі электронды түрде беріліп, ол қызмет көрсетушінің уәкілетті лауазымды тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат түрінде «Электрондық үкімет» веб-порталындағы қызмет алушының жеке кабинетіне түседі.
Жалпы, мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысын автоматтандыру уақытты тиімді пайдалануға және көрсетілетін қызметті берушімен жеке қатынасу кезінде пайда болатын жемқорлық тәуекелдерді азайтуға бағытталғанын да атап өтуіміз қажет.

Лаура НАЛИБАЕВА,
ҚР Ұлттық Банкі
Жамбыл филиалының валюталық операцияларды бақылау бөлімінің
бас маман-экономисі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support