- Advertisement -

Америкалық боксшыны жеңген Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте көтерілді

73

- Advertisement -

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіпқой рингтегі төртінші жеңісінен кейін өз дивизионында бірден 54 сатыға жоғарлады, — деп хабарлайды Vesti.kz.

25 жастағы Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шыққан. Оның қарсыласы «Айуан» лақап атты жергілікті боксшы Вон Александер (12-2, 8 КО) болды. Жекпе-жек толық сегіз раунда өтіп, қазақстандық боксшы төрешілердің көпшілігінің шешімімен жеңіске жетті.

Осы жеңістің арқасында Әлімханұлы BoxRec рейтингінде екінші орта салмақ бойынша 109-шы орынға көтерді.

Осылайша, Әлімханұлы төрт жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті (біреуі мерзімінен), ал карьерасында 12 жыл үзіліс болған (түрмеде отырған) 32 жастағы Александер 12 жекпе-жектен (барлығында да мерзімінен бұрын) кейін екінші рет жеңілді.

Бұл Әлімханұлының АҚШ-тағы екінші жекпе-жегі. Бұл елде қазақстандық алғаш рет 28 қыркүйекте Карлос Галванмен (16-8-1, 15 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңген еді.

tengrinews.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support