Тоғыз айдың қорытындысы қуантады

32

Биылғы 9 айдың қорытындысы Жуалы ауданында барлық сала бойынша көрсеткіштердің жақсара түскенін айғақтап отыр. Мәселен, құрылыс жұмыстарының көлемі 2971,9 миллион теңгені құраған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 10927,6 миллион теңгеге жеткен. Осы және өзге де мәселелер жөнінде облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасы өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен өткен брифингте аудан әкімі Бақтияр Көпбосынов хабардар етті.
Аудан басшысы айтып өткендей, өнеркәсіп саласы бойынша кәсіпорындар биылғы жылдың 9 айында 5071,9 миллион теңгенің өнімін өндірген. Ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі 18 миллиард 683,9 миллион теңгені құраған. Өткен жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара саны – 6,3, қой мен ешкі – 8,7, жылқы – 8,9, құс 6,9 пайызға өскен. Орта есеппен бидайдың әр гектарынан – 24, арпаның әр гектарынан 23,5 центнер өнім алынуда. 2200 гектар жерге егілген картоптан да мол өнім жиналып жатыр. Сәбіз бен қызылшаны, майлы дақылдарды жинау науқаны да аяқталып келеді. Мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғандар үлесі 99,1 пайызды құрайды. Қаржының игерілуі 99,9 пайыз.
Ауданда бірқатар мәселелер де жоқ емес. Жалпы, 49 елді мекеннің 15-і орталықтандырылған ауызсумен қамтылған. Су жүйелеріне жобалық-сметалық құжаттары әзірленген Шақпақата, Көлтоған, Қошқарата ауылдарының жобалары бойынша сараптама қорытындылары алынып, республикалық бюджеттен 2019 жылға қажетті қаржы сұралып отыр. «Каралма» тау шаңғысы кешеніне 7 шақырым жол тартылғаны айтылды. Билікөл мен Теріс-Ащыбұлақты балықтандыру қолға алынғаны туралы хабардар болдық.
Бақтияр Бейсембайұлы БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап қайтарды.

 

Есет ДОСАЛЫ

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту