- Advertisement -

Өнерлі өрендер марапат талды

119

- Advertisement -

Осыдан біраз уақыт бұрын Тараз қалалық әкімдігінің қолдауымен қалалық «Жамбыл-Тараз» газеті мен «Золотой караван» туристік орталығы бірлесіп, Қала күні мерекесіне орай жас суретшілердің «Менің Таразым», сондай-ақ «Таразым – тұмарым» фото, «Тараздың құпия сырлары» атты эссе байқауын ұйымдастырған болатын.

Арнайы құрылған комиссия мүшелері байқау қорытындысын шығарды. Шығармашылық байқауда жүлдегерлердің қатарынан көрінген­дерді Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов салтанатты жағдайда марапаттады. Шара барысында сөз сөйлеген қала әкімі байқауды ұйымдастыруға мұрындық болған қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғалиға ризашылығын жеткізді.

«Таразым – тұмарым» тақырыбындағы фотобайқауда Айдана Рахманбердиева бірінші орынды иеленсе, Мұрат Тұрысбек екінші орынды, Ардақ Сапибулла жүлделі үшінші орынды қанжығасына байлады. «Тараздың құпия сырлары» тақырыбында өткен эссебайқауында Назерке Исрайылова бірінші, Шұғыла Ақылбек екінші, Шаттық Әбдуәлі үшінші орынға лайық деп танылыпты.

«Менің киелі Таразым!» тақырыбында ұйымдастырылған суретшілер додасында Қалбүбі Жетібаева жеңімпаз атанса, Амангелді Батырхан мен Алина Малаеваға екінші, Еңлік Болатжан, Екатерина Шмик, Темірлан Сүлейменовке үшінші орын бұйырды. Жүлдегерлерді марапаттаған қала басшысы Ғалымжан Әбдірайымов өнерлі өрендерге шығармашылық табыс тіледі.

Бұдан соң Тараз қалалық «Жамбыл-Тараз» газетінің директор-бас редакторы Эльмира Мырза-Ғали мен «Золотой караван» туристік орталығының басшысы Альбина Веймер құттықтау сөз сөйлеп, арнайы аталым­дар бойынша жүлдегерлер қатарынан көрінген жастарды марапат­тады. Жүлдегерлер бағалы сыйлықтарға ие болды.

 

Табиғат АБАИЛДАЕВ

Суретті түсірген Ақәділ рысмахан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support