Сицилияда толассыз жауған жауын салдарынан 12 адам қаза тапты 

26

Демалыс күндері Сицилияда жауған жаңбырдың салдарынан 12 адам қаза тапты. Толассыз жауын салдарынан Каммарата қаласына жақын маңдағы өзеннің суы тасып, автокөліктерді шайып кетіп, екі қаза тапты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Қайғылы оқиға жексенбіде түнгі уақытта Палермо провинциясындағы Кастельдачча қаласында болған. Нөсер жауын салдарынан Милича өзені арнасынан асып кетіп, жағалауда орналасқан виллардың бірін басып қалған. Бір отбасы, оның ішінде бір жасар сәби мен үш жасар бала түншығып қайтыс болған. Осындай бір оқиға салдарынан Сицилияның Викари елдімекенде 44 жастағы ер адам қайтыс болған және тағы екі із түссіз жоғалып кеткен. Сицили орталығы — Палермо әкімшілігінің билігі екі күндік қаралы күн жариялады.

 

Италия премьер-министрі Джузеппе Конте жексенбіде Сицилияға ұшып барды.

«Азаматтық қорғаныс қызметімен әрдайым байланыстамын және облыстың солтүстік бөлігіндегі драммалық жағдайлардың өрбуі туралы мәліметтерді алып жатырмын», — деді премьер.

Бір апта бұрын Италияда ауа райының қолайсыздығынан 19 адам қайтыс болғаны туралы хабарланған еді.

 

tengrinews.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.

микро займ на карту