- Advertisement -

Криштиану Роналду рекорд орнатты

91

- Advertisement -

Италияның «Ювентус» командасының шабуылшысы португалдық Криштиану Роналду «Instagram» әлеуметтік желісінде жазылушылары ең көп адамдардың көшін бастады. Бұған дейін америкалық әнші әрі актриса Селена Гомес топ тізгінін ешкімге ұстатпаған болатын. Енді Роналду Гоместі басып озып отыр.
Қазіргі кезде португалиялық футболшының парақшасына 144 миллион 628 мың 617 адам жазылып үлгерген. Ал Селена Гоместің парақшасына 144 миллион 420 мың 439 адам тіркелген.
Бұған дейін Роналду спортшылардың арасында жеке дара көш бастаған-ды. Сондай-ақ ол ең танымал адамдардың ішінде жарнамалық посты үшін қомақты қаржы табатын үздік үштіктің қатарына енген еді. 2017 жылы португалиялық футболшы инста парақшасына 100 миллион адам жазылған бірінші ер адам ретінде тарихқа атын алтын әріптермен жазған болатын.
Бір жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде Роналдудың парақшасына 44 миллионнан астам адам тіркеліп отыр. Егер оның бұл қарқыны тоқтамаса, алдағы екі жылдың бедерінде жазылушыларының саны 200 миллионнан асып кетуі бек мүмкін.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support