- Advertisement -

Майдангер Манан

115

- Advertisement -

Жауға қарсы шауып, өз өмірлерін қауіпке тіккен соғыс майдангерлерінің қай-қайсысы да батыр деген атқа әбден лайық. Сол батырлардың бірі – елінің басына қиын-қыстау заман туғанда иығына қару асынып, фашистерге қарсы ерлікпен шайқасқан Манан Абдуалиевті ұрпағы бүгінде мақтанышпен еске алады.

61912 жылы 1 қаңтарда Жамбыл ауданының Большевик колхозында дүниеге келген ол сол бір нәубетті жылдардың «арқасында» тек бастауыш мектепті аяқтапты. Жасынан ұлт-азаттық көтеріліс, төңкеріс, одан кейін алапат ашаршылықтың куәсі болып, өмірдің ащысын ерте тартқан Манан Абдуалиев 1936 жылы әскер қатарына шақыртылып, Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. «Батыр майданда шынығады» демей ме? 1941 жылы мыңдаған қазақ жауынгерлерімен бірге сарбаз Манан да соғысқа аттанды. 1944 жылға дейін оқ пен оттың ортасында жүрген Манан Харьков түбіндегі шайқаста ауыр жараланып, елге оралуға мәжбүр болыпты.
Зұлмат соғыстың қасіретін тартып, Отан алдындағы парызын абыроймен атқарған М. Абдуалиев туған жерге келген соң да тыным таппай еңбек еткен. 1950 жылға дейін туған ауылы Большевикте, кейін Ақкөл колхозында механизатор болып жұмыс істеп, сол жерден зейнетке шығыпты. Тағдыр тәлкегі оны ауыр науқасқа душар етіп, өкінішке қарай, соның салдарынан 1980 жылы көз жұмған екен. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін оған «Германияны жеңгені үшін», ал, қызметтегі жетістіктеріне «Еңбек ардагері» медалі табысталған.
Бүгінде Айша бибі ауылдық округіне қарасты Айша бибі ауылындағы №2-ші көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Манан Абдуалиевтің есімін беру туралы ұсыныс қаралуда. Бұл бастаманы көше тұрғындары да қолдап отыр. Ұлы Жеңістің жақындауына септігін тигізген арда азаматтың есімі ұрпақ жадында мәңгі сақталмақ. Ал, оның есімінің көшеге берілу ісі жауапты орындардың еншісінде.

Назгүл Әбушәріпқызы,
«Ақ жол».

Жамбыл ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support