- Advertisement -

Өрт қауіпсіздігі қатаң сақталады

80

- Advertisement -

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы мен алдын алу бөлімінің басшылары Мақсат Әкімбаев пен Омар Такеев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында өздерінде атқарылған жұмыстар жөнінде айтып берді.
Қазіргі таңда облыс аумағында жылу беру маусымы басталуына байланысты улы газдан улану жағдайлары және электр желісі кернеуінің шамадан тыс артуы тұрмыстық өрттерге себепші болуда. Осыған байланысты аталған департамент алдын алу жұмыстарын жүргізген.
– Төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілді. Бұқаралық ақпараттық құралдарымен брифингтер, кездесулер мен жиналыстар, халыққа қызмет көрсететін ұйымдармен және Тараз қаласының әкімдігімен бірге тақырыптық парақшаларды тарату жұмыстары жүйелі жүргізілді. Осының нәтижесінде коммуналдық төлемдер түбіртектерінің артына газ қондырғыларын және өрттің алдын алу ережелері басылып, ол 171 мың дана көлемінде таратылды. «Jambyl» және «77 ТД» облыстық телеарналары, «Қазпошта» АҚ және халыққа қызмет көрсету орталығының барлық бөлімшелерінде 2 тақырыптық бейнеролик көрсетіліп жатыр. Өртке қарсы тақырыпта 6 акция, адамдар жаппай жиналатын объектілерде 3 флешмоб өткізілді, – деді М.Әкімбаев.
Баяндамашы бұдан бөлек улы газбен улану оқиғалары туындағанға дейін улы газбен улану оқиғалары тіркелген тұрғын үйлерге инспекторлардың барған-бармағанына мониторинг жүргізілгеніне, сондай-ақ тамыз айында жылу және қуатпен қамтамасыз ететін 87 объектінің барлығының өрт қауіпсіздігі жағдайы тексерілгеніне де тоқталып өтті. Тексерулердің қорытындысы бойынша 85 учаскеде 438 заң бұзушылық анықталған.
– Көрсетілген бұзушылықтарды жою үшін, оларды жою мерзімдерін көрсете отырып, жоғарыда аталған объектілердің басшыларына тексерулер нәтижелері бойынша актілер берілді. 16 лауазымды және заңды тұлға жалпы сомасы 579 812 теңгені құрайтын айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тексерулер барысында жауапты тұлғалармен өрт қауіпсіздігі режімі мен өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау бойынша нұсқаулық таратылып, жиын өткізілді. Мекеме басшыларымен келісілген түрде жоспардан тыс 13 өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп, шұғыл жоспарлар мен өрт сөндіру және өртке қарсы сумен қамтамасыз ету көздерінің карточкаларына түзетулер енгізілді. Жалпы, өрттің және улы газбен улану оқиғаларының алдын алу жұмыстары жалғасуда және үнемі бақылауда, – деді Омар Такеев.
Басқосу соңында қыс мезгілінде облыс жолдарында қар құрсауының және нөлдік көріну себептерінен жол учаскелерін жабу жағдайларына кеңінен тоқталған ТЖД мамандары БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға да нақты жауаптар қайтарды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support