- Advertisement -

Суармалы алқаптар көлемін арттыру айрықша маңызға ие

247

- Advertisement -

Кеше облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің төрағалығымен суармалы жер көлемін арттыру бойынша жиын өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша облыс әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Берік Нығмашев баяндама жасады.
Қазіргі таңда өңірімізде барлығы 184 мың гектар суармалы жер бар. Оның 95 мың гектары нақты пайдаланылуда, ал 89 мың гектарын қалпына келтіру керек. Басқарма басшысы оларды қалпына келтіру жұмыстары қалай жоспарланып отырғанын да тілге тиек етті. Нақтырақ айтсақ, аталған алқаптардың 70 мың гектарын «Қазсушар» мекемесі күшімен, 19 мың гектарын жақында құрылған механикалық жасақтың көмегімен қолданысқа енгізу көзделуде екен.
Сондай-ақ 20 тоғанды пайдалануға беру арқылы 4 мың гектар, қолданыстағы 24 су қоймасының астындағы 90 километр су жүйелерін қалпына келтіру арқылы қосымша 9 мың гектар егістік жерлер пайдалануға енгізілмек. Осылайша, 2018-2021 жылдары облысымыздағы жалпы суармалы жер көлемін 197 мың гектарға жеткізу жоспарлануда.
Айта кету керек, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өңіріміздегі суармалы жер көлемі 209 мың гектардан асқан. Кейіннен әртүрлі себептермен бірқатар жерлер тозығы жетіп, қолданыстан шыққан.
Асқар Исабекұлы облыстағы суармалы жер көлемін ұлғайту жоспарын 197 мың гектармен шектемей, одан ары ұлғайту керектігін еске салып өтті. Ол үшін өңірдің бар әлеуеті мен мүмкіншілігі бағамдалып, жаңа технологиялардың тиімділігі, жерасты және жер үсті су көздері де ескерілуге тиіс. Өңір басшысы жауапты тұлғаларға осы жұмыстар бойынша арнайы сараптама жүргізіп, жоспар құру керектігін жеткізіп, нақты тапсырмалар жүктеді.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support