- Advertisement -

Чичен-Ица пирамидалары туралы шындық

579

- Advertisement -

Чичен-Ица – VI ғасырда үндістердің Майя тайпасы құрған көне қала. Чичен-Ица пирамидалары – Юкатан түбегіндегі туристердің ең көп баратын орындардың бірі. Чичен-Ица сөзінің өзі Майя тілінде «Майя тайпасының құдығы» дегенді білдіреді.
Көне қалада 13 шыңырау орналасқан. Оның біреуі Жаңбыр Құдайының құрметіне құрбандық шалу үшін қызмет еткен. X ғасырда қаланы тольтек тайпасы басып алды. Ал 1194 жылы қала босап қалды. Қала тұрғындарының неліктен көшіп кеткендігі әлі күнге дейін беймәлім.
Чичен-Ица пирамидалары Юкатан түбегінде әйгілі Канкун демалыс орнынан 205 шақырым және Меридадан 120 шақырым қашықтықта орналасқан. Мексикаға демалуға келген барлық туристер Чичен-Ица археологиялық кешеніне келуді парыз санайды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support