- Advertisement -

Жамбыл облысы әкімінің 2018 жылғы 15 қазандағы №196-Ж/Қ өкімімен Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы Жамбыл облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

290

- Advertisement -

Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы 1960 жылы туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауыл шаруашылық институтын «ғалым-агроном» мамандығы бойынша бітірген.
Луговое аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының аға агрономы, Луговое аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Жамбыл облыстық комсомол комитетінің бөлім меңгерушісі, «Восток» колхозындағы «Ақ ниет» өндірістік кооперативінде бас агроном, «МТС-Интеграция» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Т.Рысқұлов ауданы ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы, Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының басшысы, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары, Байзақ ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2017 жылдан бастап «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support