- Advertisement -

Бала тәрбиесі – ең ұлағатты іс

103

- Advertisement -

Әмина Лұтфоллақызы,
№21 бөбекжай
бақшасының меңгерушісі.

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында сапалы білім беру мен саналы тәрбие көзінің алғашқы қадамдары балабақшадан басталу керектігін айқын көрсетіп айтқаны бізді қатты қуантты.
Балабақша алдындағы міндеттер, талаптар, жалпы жұмыс барысы мектептен әлдеқайда басқаша. Өйткені мектепке дейінгі балалардың ойлау қабілеттері, шығармашылық мүмкіндіктері, дағдылары бала кезден қалыптасады. Сондықтан біз Елбасының мектепке дейінгі білім беру сапасын түбегейлі жақсарту керек деген ұсынысын бірауыздан қолдаймыз. Бұл салада біліктілік талаптарын, оқыту әдісін бұрынғыдан да жетілдіре түсу үшін тәрбиешілердің және басқа да қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу жүйесін қайта қарау – балалар бағбандарына үлкен демеу.
Елбасы Жолдауында «Педагог мәртебесі туралы» Заңды әзірлеп, қабылдау туралы мәселенің көтерілуі де бекер емес. Себебі мұғалімдер мен тәрбиешілер қауымының мойнына өз міндеттерінен бөлек қаншама жұмыстар жүктеліп жатқаны ешкімге жасырын емес. Ендігі жерде жаңа құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, міндеттерінен тыс функциялардан арашалауға көмегін тигізетініне сенеміз.
Қай заманда, қай қоғамда болсын баланы оқуға үйрету, оған тәрбие беру – ең ұлы мұрат пен ұлағатты іс екенін Елбасымыздың өзі назарға алып отырғанда, біз оны тек қана қуана қолдауға тиіспіз.
Тараз қаласы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support