- Advertisement -

«Тараз» екінші орынды сақтап қала ала ма?

98

- Advertisement -

Футболдан Қазақстан бірінші лигасының аяқталуына үш тур қалды. Отызыншы турда «Тараз» футбол клубы Шымкенттің «Қыран» командасын қабылдап, қарсыластарымен ұпай бөлісті.
Турнир кестесінде екінші орынға орналасқан «Тараз» бен Шымкенттің «Қыран» командасы арасындағы кездесу тартысқа толы жағдайда өтті. Алаң қожайындары бұл ойында қалайда жеңіске жетуге тырысып бақты. Өйткені үш ұпай иелену арқылы ғана «Оқжетпесті» ұзатып алмауға болатын еді. Алайда ойын жанкүйерлер күткен нәтижемен аяқталған жоқ.
Кездесу басталысымен Таразға бекер келмегендіктерін байқатқан «Қыран» футболшылары жылдам шабуыл ұйымдастырып, есеп ашты. Төртінші минутта Владимир Седельников мергендігімен көзге түсті. Бұдан кейін «Тараз» футболшылары таразы басын теңестіруге тырысып көрді. Нәтиже шықты. Абзал Таубай есепті теңестірген соң жамбылдықтар жеңіс голын соғудың жолдарын қарастыра бастады.
Бірінші кезең ортасынан ауған тұста Константин Дудченко Думан Тұрсынбай берген пасты ұтымды пайдаланып, есепті 2:1-ге жеткізді. Ойынның алғашқы бөлігінде екі команда футболшылары тағы бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастырды. Әйткенмен таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Екінші кезеңде қонақтар гол соғу жолында аянып қалған жоқ. Өткір шабуылдарға иек артқан олар мақсаттарына жетті. Бекжан Абдрахман тамаша мүмкіндікті сәтімен пайдаланды. Қорытынды есеп 2:2. «Тараз» әзірге екінші орында келеді. Біріншілік аяқталғанға дейін осы орынды сақтап қалса, премьер-лигаға тікелей жолдама алады.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support