- Advertisement -

Болашақ мамандардың бағбаны – оқытушылар

143

- Advertisement -

М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде 1973 жылдан бастап, 40 жыл бойы үздіксіз бас библиограф болып еңбек еттім. Оқу ордасының кітапханасында әуелі кітап қоры 2900-ды құрап, тәулігіне 400 адамға қызмет көрсеткен екен. 1980 жылы кітапхана штат кестесі бойынша 41 адамға көбейді. Осы жылы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша облыстағы білім беру мекемелері кітапханаларының әдістемелік орталығы болып тағайындалды. Сондықтан білімнің қайнар бұлағы саналатын Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан қасиетті, киелі қара шаңырақ менің жаныма жақын, көзіме ыстық көрінеді.
Бұл – экономиканың түрлі саласына білікті мамандар даярлаған оқу ордасы десек, артық айтпаймыз. Сонау 1970 жылдың өзінде ғылыми зерттеу жұмыстарды жандандыруда жаңа белестерге көтерілген оқу орнында кафедра саны 27-ге артып, 286 оқытушы, 43 ғылым кандидаты жұмыс істеген. Университетке Тасболат Мұхаметқалиев, В.Миллер, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Өскембай Мәдиев, Уәлихан Бишімбаев, Әшімжан Ахметов басшылық жасаған жылдарда оның іргесі бекіп, керегесі кеңейе түсті.
Осы жылдарда оқу орнында қызмет еткен оқытушылар – бүгінде республиканың көптеген өңірінде әр салада жемісті еңбек етіп жүрген университет түлектерінің ұстаздары. Жыл сайын қоңыр күзде атап өтілетін Мұғалімдер күнінде солардың көпшілігі мұғалімдеріне өз құттықтауларын жолдап, жұмыстарына табыс тілеп жатады. Құттықтаушылар саны биыл тіпті артып тұр. Себебі олар өздері білім алған оқу ордасының мерейтойы екенін біледі.
2012 жылдың 13 қарашасынан М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін профессор, Ұлттық білім академиясының академигі Махметғали Сарыбеков басқарып келеді. Соңғы жылдарда оқу орнының барлық оқу корпусы жөндеуден өтті. Ректордың жетекшілігімен 3 доктор, 20-дан аса ғылым кандидаты өз еңбектерін қорғап шықты.

Дариға СӘРСЕНОВА,
зейнеткер, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support