- Advertisement -

Тағдырға арта салдым бар кінәні

189

- Advertisement -

Бағым үшін, жоқ, әлде сорым үшін,

Жеңісімнен көбейді жеңілісім.

Өмір түгіл өзімнен бас тартар ем,

Өзіңменен бақытты болу үшін.

 

Өзің салған сезімнің бекінісін,

Бұзып-жарып, бөгелмей өту үшін.

Жүрегімді жұлып-ақ берер ем ғой,

Жүрегіңе жол салып жету үшін.

 

Сенің атың санамда жаңғырады,

Мендік ақыл соны ойлап қалжырады.

Тағдырдың не екенін білмей жүріп,

Тағдырға арта салдым бар кінәні.

 

Өзегімді өксігім өртеді де,

Мендік көңіл пернесін шертеді ме?

Мен өзіңе жетерме ем әлдеқашан?!

Біздің ғұмыр айналса ертегіге.

 

Қардан да аппақ сезімді кірлетпе еш,

Күнім сенсің, мен үшін күн көкте емес.

Мұратқа жету үшін бұл өмірдің,

Ертегідей болуы міндетті емес.

 

Құрбанәлі Аманкелдіұлы.

Мойынқұм ауданы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support