- Advertisement -

Ортақ мақсат тан туған оңтайландыру

466

- Advertisement -

Бір салаға мамандар даярлайтын екі колледж қосылды

Еңбек нарығында кәсіптік-техникалық білімі бар мамандарға сұраныс бар. Сондықтан арнаулы орта білім беретін колледждер желісін дамыту, сапалы кадр даярлау – аса маңызды міндет. Осы мақсатта Таразда екі колледж қосылды. Оңтайландыруды көздеген шешім облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің 2018 жылғы 14 қыркүйектегі қаулысына сәйкес қабылданып отыр.
Сонымен «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» туралы 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы заңдарына сәйкес облыс әкімдігінің білім басқармасының Жамбыл политехникалық жоғары колледжі мен Тараз химиялық колледжін қосу жолымен қайта құрылды. Бұл шешімді қабылдауға қос арнаулы орта оқу орнының бір салаға қажетті ұқсас мамандықтар даярлайтыны себеп болған.
Облыстық білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің басшысы Алтынай Жайлышеваның айтуынша, қосылған оқу орнында 65 жылға жуық тарихы бар Жамбыл политехникалық жоғары колледжі аталып қала бермек. «Негізі қос колледжде де «Химиялық технология және өндіріс», «Мұнай мен газды қайта өңдеу технологиясы», «Өнеркәсіп машиналары мен жабдықтарын пайдалану», «Автоматтандыру және басқару» секілді бірнеше ұқсас мамандықтар бар. Екеуінің де әлеуметтік серіктестері ортақ. Осы мәселелерді ескере келе, оңтайландыру туралы шешім қабылданды. Мақсат – кәсіптік-техникалық мамандық беретін арнаулы орта оқу орындарының желісінің материалдық базасын көтеру, жас кадрларды нәтижелі жұмыспен қамту», – дейді бөлім басшысы.
Сала басшылары бұл ортақ мақсатты көздеген оңтайлы шешім екенін айтуда. Ал қосу арқылы қайта құрылған колледж директоры конкурстық негізде тағайындалатын болады.

 

Ардақ Үсейінова

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support