- Advertisement -

Назарбаев Түркияда Ердоғанмен кездеседі

118

- Advertisement -

Назарбаев Түркияда Ердоғанмен кездеседі

АСТАНА. ҚазАқпарат — Ақорданың баспасөз қызметі Елбасының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан Президенті Түркия Республикасына ресми сапармен барады. Сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанмен, сондай-ақ Түркияның іскер топтар өкілдерімен кездесуі көзделген.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысына қатысуы жоспарланып отыр.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support