- Advertisement -

Жаңашылдық жасампаздыққа бастайды

144

- Advertisement -

Болат жолдың бойымен жолаушылар мен жүк тасымалдау қызметінің тиімділігін арттыру, жол қозғалысы мен еңбек қорғау қауіпсіздігін қамтамасыз ету біздің ең басты міндетіміз болып табылады.

Жалпы жамбылдық теміржолшылар үшін биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығы жетістіктерге толы болды деп айтуға негіз жоқ емес. Атап айтқанда, осы мерзім ішінде жүк тасымалдаудан түскен түсім 9 991 440 355 теңгені құрады, бұл жалпы жоспардың өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 13 пайызға артық орындалғанын көрсетеді.
Осы орайда табыс пен жүк тасымалдау көлемін ұлғайтуға ең негізгі жүк тасымалдаушыларымызбен бірлесе жұмыс жасау және облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының қолдауымен семинарлар, кездесулер өткізу арқылы жаңа жүк тасымалдаушылар тарту арқылы қол жеткізілгенін атап өткен жөн.
Жоспар бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүктелім 570,393 мың тоннаға, яғни 16,4 пайызға артты. Нәтижесінде тасымалданған жүктің ауқымы 8373 вагонға ұлғайды. Соның нәтижесінде жүк айналымы жоспардағы 11,511 миллион ткм неттоның орнына, 12 888,5 миллион ткм неттоға асыра орындалып отыр. Ағымдағы жылдың екінші жартысында өңірімізде индустриалды аймақтар іске қосылуымен өндірістің болжамды ұлғаюына байланысты жүктемені 113,41 мың тоннаға немесе өткен жылдағыдан 2 пайызға арттыруды жоспарлаудамыз. «Қазфосфат» ЖШС-ында сары фосфор мен аммофос, «Еурохим Қаратау» ЖШС-ында химиялық тыңайтқыш өндіру көлемінің ұлғаюы есебінен экспорттық жүк көлемі де едәуір артып отыр.
Жыл басында әрбір қызметкердің жол қозғалысы және еңбек қорғау қауіпсіздігі мәселелеріне орай жауапкершілігін арттыру бойынша бірқатар іс-шаралар әзірленіп, бекітілген болатын. Бөлімшеде бүгінде бұл шаралар сәтімен үйлестірілу үстінде. Біздің жүзеге асырар жұмыстарымыз сан салалы екені баршаға мәлім. Оның ішінде пойыз қозғалысы қауіпсіздігін нығайту және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету, жолға бөгде адамдардың және малдың шығып кетуінің алдын алу мен болдырмау бағыттарында да бірқатар жұмыстар атқарылды.
НОДГП-8 бойынша автоматтандырылған басқару жүйесі бойынша қозғалыс кестесін қағазсыз жүзеге асыруға көшу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылған-ды. Қазіргі уақытта ARM DSP жүйесі пилоттық режімде Тараз қаласындағы диспетчерлік бөлімнің Тараз, Талас, Үшбұлақ, Ақшолақ, Ақыртөбе, Малдыбай, Луговой, Аспара, Тәтті, Қорағаты секілді 10 стансасында және Шуда іске қосылды.
Бүгінгі күні тұтастай «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ желісі бойынша дамыған елдердің заманауи озық технологияларын енгізу жүзеге асырылу үстінде. Бұдан бөлек Ақтөбе рельс жасау зауыты, «ALSTOM» компаниясы секілді отандық өндірушілердің өнімдеріне қолдау көрсетіліп, олар жасаған рельстер мен жаңартылған үлгідегі «KZ-4A», «KZ-8Ac», «ТЭ-33А» локомотивтері өндірісте кеңінен пайдаланылуда.
Сондай-ақ «Шу-Отар-Алматы-1» телімдерінде екінші жолдар пайдалануға берілді. Сөйтіп аталған телімнің жолаушылар және жүк пойыздары қозғалысы уақытының кемітілуімен өткізгіштік мүмкіндігі жақсара түсуіне қол жеткізілді. Мұның өзі жалпы филиал бойынша сандық және сапалық көрсеткіштердің жоғарылай түсуіне оң әсерін тигізуде. Алдағы уақытта ауыр салмақты және рейстік қозғалыс үлесін, қозғалыс кестесінің нормативті және пойыздарды реттеу жоспарларын, пойыз қозғалысының нұсқалық кестесін ұстану, пойыздардың өту жылдамдығын 10 км/сағ-қа арттыру секілді міндеттерді жүзеге асырмақпыз.
Қысқасы, бөлімше қызметкерлерінің темір жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, еңбек қорғау талаптарын сақтауға, жұмыс үдерістері мен технологияларын жетілдіруге және өнімділік көрсеткіштерін орындауға бағытталған нысаналы шараларды одан әрі де жемісті жалғастыра беретініне бек сенімдіміз.

Берік АҚШАЛОВ,
«ҚТЖ ЖТ» АҚ филиалы – ЖТ Жамбыл бөлімшесінің директоры.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support