- Advertisement -

Бұйырғаны – екінші орын

132

- Advertisement -

Қырғыз Республикасы-ның Шолпан-Ата қаласында өткен Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойыны мәресіне жетті. Аталмыш аламанда Қазақстан құрамасы спорттың бірнеше түрі бойынша сынға түсіп, толайым табыстарға қол жеткізді.
Айтулы аламанның соңғы күндерінде бірнеше сайыпқырандарымыз топ жарып, Қазақстан құрамасының жалпыкомандалық есептегі жағдайын жақсартуға үлес қосты. Самбо күресінен 68 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түскен Есен Қуанов өзінің шын мықты екенін кезекті мәрте дәлелдеп топ жарса, тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер құрамасы алтыннан алқа тағынды. Жекелей сында Әсел Далиева бірінші орынды иеленді. Ал көкпаршы жігіттеріміз Ресей Федерациясының «Москва» командасын 17:1 есебімен ойсырата ұтып, қола жүлдені қоржынға салды.
Үшінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарының қорытындысы бойынша Қырғыз Республикасы жалпыкомандалық есепте топ жарса, 18 алтын, 24 күміс, 30 қола медаль иеленген Қазақстан құрамасы екінші орынды, Ресей Федерациясы үшінші орынды иеленді.
Жарыстың бастапқы кезеңін жоғары деңгейде бастаған ел спортшылары алғашқы күндерде топ тізгінін қолға алған болатын. Алайда уақыт өте келе қырғыз спортшылары медальды күреп алып, өз елінде кімнің қожайын екенін байқатты.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support