- Advertisement -

Қазақстандық әлеуметтанушылар Астанада бас қосады

134

- Advertisement -

Қазақстандық әлеуметтанушылар Астанада бас қосады

АСТАНА. ҚазАқпарат — 27-28 қыркүйек күндері Астанада елорданың 20 жылдығына арналған VI Қазақстан әлеуметтанушылар конгресі өтеді. Бұл туралы ҚР Қоғамдық даму министрлігінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

Іс-шараны ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен «Қазақстан әлеуметтанушылар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда.

Конгреске ғылыми-академиялық және сараптама-аналитикалық қоғамдастық өкілдері, АҚШ, Жапония, Түркия, Ресей, БАӘ және басқа да мемлекеттердің сарапшылары, ҚР Парламенті депутаттары, Үкіметтік емес ұйымдардың және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады.

Конгреске Халықаралық әлеуметтанушылар қауымдастығы (ХӘҚ) вице-президенті, әлеуметтану докторы, Рио-де-Жанейро федеральдық университетінің профессоры (Бразилия), ХӘҚ Current Sociology журналының редакторы Элоиза Мартин қонақ болады.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support