- Advertisement -

Головкин — «Канело» айқасына қанша жанкүйер барады — Лас-Вегас

135

- Advertisement -

Головкин - «Канело» айқасына қанша жанкүйер барады - Лас-Вегас

АСТАНА. ҚазАқпарат — Әлемдік ойын-сауық және ойын бизнесінің астанасы Лас-Вегас осы жылдың басты спорттық оқиғаларының бірі — Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің екінші жекпе-жегін қабылдауға дайындалып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.

ESPN Deportes хабарлағандай, қалаға шамамен өткен жылғы айқастағыдай туристер келеді деп есептелуде. Деректерге сәйкес, 2017 жылы Лас-Вегаста Мексиканың тәуелсіздік күніне орай демалыс күндері қонақүйлердің 98,7%-ы, 149 мың нөмір толып қалған. GGG мен «Канело» екінші айқасына қалаға 65 мың қонақ келеді деп жоспарлануда.

Осы аптада Лас-Вегаста алдағы шоуға байланысты бірқатар ресми іс-шаралар өтеді: боксшылардың келуі, баспасөз мәслихаты және жаттығудың ашылуы, сондай-ақ салмақ өлшеу рәсімі. Бокс кеші 15 қыркүйекте T-Mobile Arena-да өтеді.

Қазақстандық көрермендер 16 қыркүйек күні таңғы сағат 6-да тікелей эфирден тамашалайтын болады. Оны «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді. Басты жекпе-жек 08:00-ден 08:30 аралығына жоспарланған.

 

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support