- Advertisement -

Исламтанушылар кездесу өткізді

212

- Advertisement -

Бүгінгі күні экстремизм және терроризмнің алдын алу маңызды болып тұрғаны аян. Бұл орайда мемлекет тарапынан да бірқатар жұмыстар қолға алынып, түрлі мазмұнды шаралар өткізілуде. Облыстық «Оңалту орталығы» мемлекеттік мекемесі Тараз қаласы мен бірнеше аудандарда республикалық деңгейдегі білікті теолог және исламтанушы мамандардың қатысуымен кездесулер ұйымдастырды.
Атап айтқанда, Тараз қаласындағы «Шайх Зуннун» мешітінде Phd докторанты, исламтанушы Нұржан Стамбакиев жамағатпен жүздесті. Болашақ ғалым көпшіліктің көкейіндегі сұрақтарға жан-жақты жауап беріп, бірқатар мәселелерге қатысты өз ойын ортаға салды. Сондай-ақ «Әзірет Әли» мешітінде Phd докторанты, исламтанушы Асқар Әкімханның дәрісі жамағатты қызықтырды. Оған да қойылған сауалдар аз болмады. Шаралар легінің жалғасы Phd докторанты, исламтанушы Озат Шамшиевтің қатысуымен «Әзірет Әли» мешітінде, магистр, исламтанушы Наздан Мәукеннің қатысуымен «Әбдіқадір» мешіттерінде өтті.
Исламтанушы мамандар Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде, Шу қалалық «Жәми» мешітінде өз дәрістерін оқыды. Осындай шаралардың бүгінгі таңда ауадай қажет екені анық. Мешіттерге жиналған жамағатқа дәріс оқушылар дәстүрлі дініміз бен дәстүріміздің негізгі мақсат-міндеттерін, ұлттық құндылықтардың маңызын және дәстүрлі емес діни ағымдардың зияндылығын санаға жетерліктей етіп түсіндіріп, ара-жігін ашып көрсетті.
Қарапайым тұрғындар өздерін толғандырып жүрген мәселелерге нақты жауап алды. Ғалымдардың қатысуымен өткен мұндай кездесулер алдағы уақыттарда да жалғасын таппақ.

 

Есет ДОСАЛЫ

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support