- Advertisement -

Қытайға қанша мұнай тасымалданды

171

- Advertisement -

Қытайға қанша мұнай тасымалданды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 2006 жылдан бері «Атасу — Алашанькоу» мұнай құбырымен Қытайға 100 млн тоннадан астам мұнай экспортталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

China National Petroleum Corporation (CNPC) директордың орынбасары Цинь Вэйчжунның айтуынша, аталған компания Қазақстанда жыл сайын 20 млн тонна шикі мұнайды өндіріп отырады. Ал «ҚазТрансГаз» ұлттық компаниясымен бірлесе отырып, «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры салынды. Ол арқылы газды тасымалдау көлемі 230 млрд текше метрге жетті. Бұдан бөлек, «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры пайдалануға берілді. 2006 жылдан бері ол арқылы Қытайға 110 млн тонна мұнай экспортталды.

«CNPC Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту шараларына қатысып келеді. Осы жұмыстың екінші кезеңі сәтті аяқталды. Қазақстанда біз 42 млрд теңгенің салығын төледік. Әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын да сақтап келеміз. Осы уақытқа дейін 30 мың адамға жұмыс бердік. Біз осы саладағы ынтымақтастық байланыстарды ары қарай нығайтуға дайынбыз», — деді Цинь Вэйчжун Астанада өткен қазақ-қытай бизнес форумында.

Айта кетейік, бүгін Астанадағы «Риксос» қонақ үйінде қазақ-қытай бизнес форумы өтті.  Аталған шара «Бір белдеу — бір жол» бастамасының бес жылдығына арналып отыр. Бүгінде ҚХР осы бастаманың бойында орналасқан 25 мемлекетпен тығыз қарым-қатынас орнатып, өзара сауда-саттықты 605 млрд долларға жеткізді. Соның ішінде Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 10 млрд долларды құрайды.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі форум қатысушыларына өз құттықтауын жолдады. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин да үндеу жолдап, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өз ризашылығын білдірді.  Ал ҚХР Коммерция жөніндегі вице-министрі Жэнь Хунбиньнің айтуынша, Қазақстан мен Қытай сауда-саттықты долларсыз жүргізуді көздейді.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support