- Advertisement -

Түймеш

530

- Advertisement -

Түймеш бүгінде тұшпара деген
атпен өзге халықтардың ұлттық тағамы ретінде ұсынылады. Негізінде мұндай тағамды қазақ та әзірлеген.
Ертеректе қазақтар соғымның сүр етінен түймеш, жентек, парша деген тағамдар жасаған. Ол үшін етті арнайы дөңбекке салып, ағаш балға, қолтоқпақ сияқты ұрғылармен жаншып етті ұсақтаған. Түймештелген етке бидайдың немесе тарының талқанын қосып, илеп қатырады да, ет мұздау үшін керсенге салып сақтайды. Осыдан кейін барып, етті қамырға салып түйеді.
Осы тағамды қазақтар «түймеш»
деп атаған. Оны көбіне ұзатылатын қызға түйдіреді. Келген
құдалар қыздың түймешіне қарап, оның ұқыптылығын
байқайтын болған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support