- Advertisement -

Дені сау ұрпақ өссін десек…

145

- Advertisement -

Дені сау ұрпақ өссін десек, алдымен сәбиді дұрыс тамақтандыруды білген жөн. Одан кейінгі мәселе – күтімде. Әсіресе балалар бөлмесінің жылы әрі жарық болмағына назар аударған жөн. Бұл туралы мамандар не дейді?

Бөлмені дұрыс
жабдықтаудың
психологиялық мәні бар

Айжан Мәлібаева,
психолог.

Негізі баланың өз жеке бөлмесінің барын жетістік деп санау – қате. Мәселе оның қандай екендігінде. Кең әрі жылы болумен қатар, оған жарықтың қай жақтан түсіп тұратыны маңызды. Мұның кез келген адамның денсаулығына тигізер әсері көп. Ал кішкентай балғындарға тіпті пайдалы.
Сондай-ақ бөлменің дұрыс жабдықталуы бала психологиясының қалыптасуына септігін тигізеді. Әсіресе ондағы жиһаздардың түсі мен сапасына баса мән берген жөн. Түс адамның эмоционалдық күйіне әсер ететіні белгілі. Мысалы мектепке барған жеткіншектердің бөлмесінде сары және күлгін түстердің болғаны маңызды. Олар интеллектуалды белсенділікті арттырады. Сонымен қатар оқушының сабаққа дайындалатын орнын даярлау керек. Үстелден барлық артық заттарды алып тастап, қажетті оқулықтарды, дәптерді, қағаз, қарындаштарыңды дұрыстап жинақтап алып, орналастыру қажет.
Ғалымдардың пікірінше, әрбір түс адамның жағдайына әсер етуі мүмкін жеке ақпаратты қамтиды. Мәселен, қызыл түс жалқаулыққа бой алдыруға, бойкүйездікке итермелейді, көк – жүйке жүйесіне ықпал етеді, депрессия мен шаршау тудыруы мүмкін. Жасыл демалуға және тыныштандыруға көмектеседі. Сары түс позитивті эмоциялар сыйлайды.

Т.Рысқұлов ауданы.

Қараңғы үйде
тәрбиеленген
баланың өсуі шабан

Бала бөлмесінің ішінде 6-5 куб сажын ауа болсын. Ауа жиі-жиі жаңартылып тұрсын. Бала жатқан үйде кір жуу, кір кептіру, кірлеген киім тастау жарамайды. Себебі кірдің кірі бу болып, ауа болып баланың ішіне кіріп, саулығына зиян келтіреді. Бала бөлмесінің жылылығын да бақылап тұру керек. Жаңа туған бала жатқан бөлменің жылылығын Рьюмер бойынша 17-18 градус, бір жеті мен алты жеті арасында 17-16 градус, мұнан соң 15-16 градус болуы тиіс. Қандай үйдің, әсіресе бала бөлмесінің жарық болуы тым керек. Қараңғы үйде тәрбиеленген баланың өсуі шабан болады. Тамағы қанша жақсы болса да, зағип, нашар болып өседі. Сондықтан бала жатқан бөлменің жарығы мол болуы керек. Бөлменің жарығы мол болу үшін терезелері оңтүстік күн шығысқа, не оңтүстік күн батысқа қарауы шарт.
Терезелері тура оңтүстікке қараған бөлме қыстыгүні жарық, жылы болғанымен, жаздыгүні ыстық, қапа болады. Ал енді терезелері солтүстікке – түн жаққа қараған бөлме қашан да қолайсыз.
Мағжан Жұмабаев.
«Педагогика» еңбегінен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support