- Advertisement -

Ұлттар лигасы: Еркебұлан Сейдахмет жасыл алаңға шыға ма?

135

- Advertisement -

Бүгін футболдан ұлттар лигасы басталады. Қазақстан құрама командасы Грузия футболшыларын қабылдайды. «D» тобында бақ сынайтын Қазақстан футболшылары мүмкіндігінше жоғары нәтиже көрсетуге тырысып көретіні анық.
Жалпы, бұл ойында ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов өзінің бұрынғы бәсекелесі, Алматының «Қайратын» жаттықтырған Владимир Вайссқа қарсы жампоздарымызды жасыл алаңға бастап шығады. Букмекерлік кеңселер бұл топтың фавориті ретінде Грузия құрамасын ұсынып отыр. Олардың ойынша Қазақстан құрамасы екінші орын иеленетін көрінеді.
Грузияға қарсы өтетін ойында Жамбыл футболының түлегі Еркебұлан Сейдахметтің жасыл алаңға шығу мүмкіндігі аздау секілді. Ұлттық құраманың бас бапкері Станимир Стоилов жамбылдық оғлан туралы өз ойын ортаға салды. «Еркебұлан спорттық бабына әлі толық ене қойған жоқ. Ол жарақат алмағанда сөзсіз жасыл алаңға шығатын еді. Өкінішке қарай, оның жарақаты спортшының әлі де болса толыққанды өзін көрсетуіне мүмкіндік бермей отыр», – дейді жаттықтырушы.

Табиғат АБАИЛДАЕВ.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support