- Advertisement -

Фируза Шәріпованың бокс кешінің андеркартында кездесетін жұптар анықталды

123

- Advertisement -

Фируза Шәріпованың бокс кешінің андеркартында кездесетін жұптар анықталдыАЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Қазақстандық Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Куценконың Санкт-Петербургтегі кәсіпқой бокс кешінің андеркартында айқасатын жұптар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фируза Шәріпова екі салмақ санаты бойынша WIBA, WBU, IBO Championship және WBC Silver белдіктерінің иесі. Ол бұл кеште чемпиондық белдіктерін сақтап қалуға күш салады. Сондай-ақ Санкт-Петербургтегі бокс кешінде басқа да отандастарымыз шаршы алаңға шығады.

Жекпе-жек жұптарының толық тізімі келесідей:

Ресейлік Евгений Терентьев беларусьтық Кирилл Самадураумен 10 раундтық айқас өткізеді.

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген қазақстандық Виктор Коточигов тайлық Аеккаве Каевманимен жұдырықтасады. Жекпе-жек 6 раундқа жоспарланған.

Қазақстандық Жантіл Өмірбай WFA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін таласады. Қарсыласы — Беларусь боксшысы Руслан Родзивич.

Сондай-ақ турнир аясында санкт-петербургтік жас боксшы Эдгард Москвичев жекпе-жегін өткізеді. Оның қарсыласы ростовтық Аликлыч Канболатов кәсіпқой бокста 20-дан астам рет айқасқа түскен.

Қазақстандық белгілі нокаутшы Али Балоев әзербайжандық  Гулхусейн Агазадамен  жұдырықтасады. Гулхусейн осыған дейінгі кездесулерінде қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп шыққан.

Өзбекстаннан келген  Дилмуроджон Бозорбоев грузиндік боксшы Рубен Мовсесянмен күш сынасып көреді.

Ресейлік қос боксшы Александр Костромин мен Сергей Белошапкин 6 раунд бойы өзара мықтыны анықтайтын болады.

Сонымен қатар осы кеште қазақстандық  Мұхит Аманбаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегіне шығады. Қарсыласы — Өзбекстандық Исломжон Хужаев. Ол кәсіпқой бокста 6 айқас өткізген.

kazinform.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support