- Advertisement -

Қош бол, семей ядролық полигоны!

457

- Advertisement -

немесе Елбасының тарихи және пацифистік Жарлығына 27 жыл болды

Биыл 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы тарихи және пацифистік Жарлығына 27 жыл толды. Семей ядролық полигоны бұрынғы КСРО-да ең алғышқы және ең ірі ядролық полигоны болған. Оны кеңес мемлекеттік құжаттарында Семей ядролық сынақ полигоны немесе СЯСП деп атады. Ресми атауы былай болған – 2-ші Мемлекеттік орталық сынақ полигоны (2 МОСП). Бұл полигонда кеңес кезінде ең заманға сай ядролық қаруы сақталған. Әлемде сондай әскери объектілер тек төртеу болған еді.

Семей полигонының 50 жылдық тарихы – бұл бұрынғы Кеңес Одағының қару-жарақ шығарудағы жарыстың әлемдік тарихы. Бұл полигон біздің еліміздің жерінде және Семей (қазіргі Шығыс-Қазақстан) облысында, Семей қаласынан солтүстік-батыс жерінде (130 шақырым) орналасқан. Полигонның аймағы – 18500 км².
Ең алғашқы ядролық сынақ осы полигонда кеңес әскерлері 29 тамызда 1949 жылы өткізген еді. Бомбаның күші 22 килотоннадан тұрды. Бұл полигонда кемінде 468 ядролық сынақ жасалған еді. 1949 – 1962 жж. аралығында – 30 жерүсті және 88 ауада ядролық сынақтар өткізілді, олардың арасында бірінші термоядерное құрылғысы (12.08.1953) және әлемдегі алғашқы сутегі бомбасы (22.11.1955), 6 атом сынағы үлкен биіктікте және ғарышта өткізілген. Сынақ полигонның басқа жерде 340 жерасты сынағы өткізілді: тік ұңғымаларда және көлбеу туннельдерде. Құны бір ядролық жарылыс – 30 миллион кеңестік рубль.
КСРО-да өндірілген 70 пайыз ядролық қаруды сынау Семей полигонында болған және ядролық қалдықтар біздің жерімізде 300-ге жуық. Полигон ең алдымен Қазақстанның жер, су, ауасына орасан зор нұқсан тигізді. Осылайша, Қазақстанның жеріне, фаунаға, флорасына, адамдардың денсаулығына ядролық жарылыстар үлкен залал жасады. Адамдарға бұрын болмаған аурулар әкелді. Науқастардың саны өсіп, қатерлі ісік, адам өлімі көбейді. Тек 1962 жылдан бастап, Семей жерінде радиацияға ұшыраған адамдарға медициналық тексерулер жүргізіле бастады.
1989 жылы ақпан айында бүкіл республикалық митингте бірінші кеңестік антиядролық қозғалысы «Невада-Семей» құрылды. Оны ақын Олжас Сүлейменов басқарды. Қысқа мерзім ішінде бұл қозғалыс Семей ядролық полигоны және оның «жұмысы» туралы бүкіл Қазақстан жұртшылығына, одан кейін КСРО халқына, әлем жұртшылығына ащы шындық жеткізді. Осының арқасында кеңес басшылары алғаш рет дүниежүзінде ядролық мораторийін енгізді. 1989 жылы жоспарланған 18 Семей ядролық полигонында 11 атомдық жарылыс тоқтатылды. Екі жылдан кейін Елбасының Жарлығымен полигон толық жабылды.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап ядролық саясат – негізгі мәселелердің бірі ретінде күн тәртібінде тұрды. КСРО ыдырағаннан кейін, Қазақстан үш республиканың (Ресей, Украина және Қазақстан) бірі ядролық қаруы бар елге айналды. Тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстан Республикасының Президенті табанды түрде елде ядролық қаруды жою саясатын жүргізді.
Елбасы бұл күрделі және маңызды мәселе туралы өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты фундаменталды еңбегінде былай деп әңгімелейді. Бәске ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздік тігілді. Таразының бір басында, өзіміздің әскери қуатымыздың ресурсы ретінде ядролық әлеуетті сақтап қалу, ал екінші басында өзіміз үшін ядролық қарусыз болашақ таңдап, одан бас тарту арқылы бүкіл жер жүзіне біздің мақсатымыз күшімізді қару-жарақ жинаумен дәлелдеу емес екенін көрсету тұрды.
Осылайша, Қазақстанның «ядролық мәселеге» байланысты таңдауы біржола шешілді: 1991 жылдың 29 тамызында мен Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойдым. Алайда проблемалар көп еді. Сондықтан 1992 жылдың қазанында БҰҰ-да сөз сөйлегенде, мен осынау ажалдың апанын жапқанымызды, бірақ аймақты сауықтырып, зардап шеккендерді емдеу, нәрестелерді қатерден қорғау үшін мол қаржы керек екенін атап көрсеттім. Әлемдегі АҚШ, Ресей мен Украинадан кейін көлемі жағынан төртінші ядролық арсеналдың тағдыры туралы мәселе ашық күйінде тұрған. 1991 жылдың соңында республика аумағында 1216 ядролық оқтұмсық болды. Бұл сол кезде Ұлыбританияның, Франция мен Қытайдың оқтұмсықтарын қосып есептегеннен де көп болатын. Мен «ядролық қару-жарақ Қазақстанның аймақтағы ықпалын күшейтуге қабілетті» дейтіндердің пікіріне мүлдем келіспедім. Саясаткер ретінде ядролық мемлекет мәртебесі елге болмашы ғана артықшылық беретінін, есесіне болашақта үлкен сыртқы саяси проблемалар тудыратынын айқын түсіндім. Атап айтқанда, Ресей өзін КСРО-ның бірден-бір ядролық мұрагерімін деп есептеді, ал АҚШ пен басқа да батыс державалары әлемге тарап кеткен ядролық қарудың терроршылар үшін қолжетімді болу мүмкіндігіне алаңдады. 1992 жылдың басында жас тәуелсіз мемлекеттер ядролық қаруды бір жерден бақылау мәселесіне келісе алмағаннан кейін, олардың алаңдаушылығы тіпті күшейе түскен. Біздің аумағымыздағы ядролық әлеует проблемасының шешімі белгілі бір деңгейде – Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Армения арасында 1992 жылдың мамырында Ташкентте қол қойылған Ұжымдық қауіпсіздік келісіміне айтарлықтай әсер етті. Аталмыш алты елдің кез келгеніне төнген сыртқы агрессия қатері қалған қатысушылардың оған, кез келгені қажет болса, әскери көмек те беруге міндеттейтін. Сол 1992 жылдың мамыр айында үлкен Джордж Бушпен келіссөздер барысында, «ядролық мәселенің» еліміз үшін барынша пайдалы, оңтайлы шешімін табудың сәті түсті. Біздің дипломатиямыз әлемдегі аса ірі державаның Қазақстанды саяси тұрғыда толық мойындауына және бізбен жан-жақты экономикалық әріптестікке әзір болуына қол жеткізді. Осылайша әлем тарихында тұңғыш рет сыртқы саяси диалогта ядролық қаруға ие болу емес, керісінше, одан бас тарту маңызды тетікке айналды. 1993 жылдың ақпанында біз жаңадан сайланған АҚШ президенті Билл Клинтонның Мемлекеттік хатшы У.Кристоферге Қазақстанмен әріптестік мәселелерімен айналысу туралы тапсырма берген хатын алдық. Атап айтқанда, Б.Клинтон «Нанн-Лугар заңына сәйкес, АҚШ Қазақстанның ядролық қарудан азат болу процесіне көмектесу үшін қаржы бөлуге міндеттенетінін» жазыпты. Дегенмен АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Қазақстанға келген кезде шахталардағы ядролық зымыран қондырғыларын жою жөніндегі келісімшартқа жылдам қол қойғызу үшін тізеге салмақ болды, мен оны тоқтаттым. Әрине, біз АҚШ-тың алаңдаушылығын түсіндік және өзім де келісімге қол қоюға дайын едім. Бірақ дәл мұндай стратегиялық шешім үшін Қазақстан не алады? Мен оның есесіне Қазақстанның экономикасын әртараптандыруға, қорғаныс кәсіпорындарын бейбіт мақсатқа пайдалануға және басқа да қажеттіліктерге керекті америкалық инвестициялардың келуін талап еттім. Жалпы, біздің АҚШ-пен арада экономикалық әріптестік жөніндегі мемлекетаралық келісіміміз жоқ болатын. Біз тек мұнай бизнесі ғана емес, басқа да америкалық бизнес түрлерінің Қазақстанға келуін қаладық. АҚШ үкіметі оған мүмкіндігінше септесуге тырысты. Ол үшін мемлекетаралық маңызды келісімдер керек болатын. Қысқасы, келісе алмадық. Сөйтіп, Кристофер риза болмай кетті. Мұндай жағдайларда АҚШ-қа пайдалы нәрселердің басқаларға да автоматты түрде пайдалы болатыны туралы америкалық элитаның ниеті заңды да. Бірақ маған өз елімнің мүддесін қорғау керек еді. Сөйтіп саналы түрде тәуекелге бардым. Бақытымызға орай, президент Б. Клинтон мен вице-президент А.Гор реалистік тұрғыда ойлайтын адамдар болатын. 1993 жылдың 10 желтоқсанында Жоғарғы Кеңес ядролық қару-жарақты таратпау туралы келісімшартқа қосылуға дауыс берді. 1994 жылдың 28 наурызында Борис Ельцинмен Қазақстан аумағында уақытша орналасқан Стратегиялық ядролық қарулар туралы келісімшартқа қол қойылды. Келісімшартқа сәйкес, Ресей Қазақстанға ядролық шабуыл қатерінен қорғауға кепілдік берді. Қазақстанның басты артықшылығы – жаппай қырып-жоятын қару-жарақтың мол қорында емес, керісінше, ашықтықта, бейбітшілікте, саналы ой-сана мен моральдық беделде екенін біз о бастан жақсы сезіндік. Ол ядролық қарусыз мемлекетті жүздеген, тіпті мыңдаған оқтұмсығы бар мемлекеттерден де қауқарлы күшке айналдыра алатын. Ұзақ мерзімді ұлттық қауіпсіздікті нығайту үшін қатерлі қарудан бас тартудың мұндай саясаты барлық замандарда да өзгелерге үлгі болуға тиісті еді.
Осылайша ядролық қарудан бас тарту біздің Отанымыздың қауіпсіздігін нығайтты. Өйткені бірқатар ядролық державалар – АҚШ, Ресей, Ұлыбритания (желтоқсан 1994 жыл) қауіпсіздік кепілдігін берді. Ядролық державалар, міндетте түрде Қазақстанның тәуелсіздігі мен шекараларын құрметтеуге, төтенше жағдайда әскери көмек көрсетуге дайын екендігін айтты. Ақпан айында 1995 жылы бұған Қытай үкіметі қосылды.
Бірқатар шетелдердің қолдауымен республикада бұрынғы әскери-зерттеу инфрақұрылымын конверсия бойынша бағдарламамен жүзеге асырды. Семей ядролық полигоны орнына 1993 жылы Ұлттық ядролық орталығы (ҰЯО) құрылды: сонда 3 ғылыми-зерттеу институты жұмыс істейді – атом энергетикасы, геофизикалық зерттеулер, радиациялық қауіпсіздік және экология.

Керімсал Жұбатқанов,
Қазақ-Орыс халықаралық университеті «Рухани жаңғыру» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі.

Abai.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support