- Advertisement -

Ұлттық банк Qazaq Banki мен Эксимбанкті операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды

179

- Advertisement -

Ұлттық банк Qazaq Banki мен Эксимбанкті операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — ҚР Ұлттық банкі Эксимбанк пен «Qazaq Banki» АҚ-ны құнды қағаздар нарығында жұмыс жүргізуде банктік және басқа да операцияларды жүргізу лицензиясынан айырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ аталмыш лицензиядан пруденциялық нормативтердің, нормативтік-құқықтық акттердің жүйелі түрде бұзылуына, сонымен бірге қосымша капитализация бойынша уәкілетті органның талаптарын банктің ірі қатысушыларының орындамауына байланысты айырылып отыр.

Сол секілді «Qazaq Banki» АҚ жүйелі түрде (күнтізбелік он екі айдың ішінде үш және одан да көп мәрте) төлемдік және аудармалық операциялар бойынша келісім міндеттерін лайықсыз орындағаны және жүйелі түрде пруденциялық нормативтер мен өзге де міндеттерді, нормалар мен лимиттердің бұзылуына байланысты аталмыш лицензиядан айырылған.

Ұлттық банктен түсіндіріліп өткендей, банк секторының міндеттемелері мен жиынтық активтерінде банктердің активтері мен міндеттемелері аз болғандықтан (0,2 пайыз және 0,8 пайыз) аталмыш банктерді лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдарына қауіп төндіре қоймайды.

«Ұлттық банк төрағасының 2018 жылғы 27 тамыздағы бұйрығына сәйкес, банктердің уақытша әкімшілігі тағайындалды. Оларға банктерді басқарудағы барлық органның құзіреттілігі беріледі. Уақытша әкімшілік сот ликвидациялық комиссияны тағайындағанша жұмыс жүргізеді. 2018 жылдың 28 тамызынан бастап уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актісінде қарастырылған шығындардан, банкке түсіп жатқан аударым ақшадан басқа жағдайдың бәрінде клиенттердің барлық банк шоттары мен банктердің өздері бойынша операциялар тоқтатылды. Бекітілген заңнамалық тәртіп бойынша Ұлттық банк банктердің жұмысын тоқтату туралы сотқа жүгінеді», — делінген хабарламада.

kazinform.kz

 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support